Медицина • 02 Маусым, 2022

Донор болу – өмір сыйлау деген сөз

422 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордадағы Достық үйінде Нұр-Сұлтан қаласы Қазақ­стан халқы Ассамблеясы Денсаулық сақтау министр­­лігінің Трансфузиология ғылыми-өндірістік орта­лығымен бірлесе отырып «Қан тапсыр да, адам өміріне араша түс» акциясын өткізді.

Донор болу – өмір сыйлау деген сөз

Донорлар қатарын көбейту мақсатында ұйымдастырылған акцияға талапқа қарсы көрсеткіштері жоқ, жасы 18-ге толған тұр­ғындар қатысты. Ал іс-шараның басы-қасында жүрген азамат­тар «Біздің басты мақсатымыз – өмір үшін күресіп жат­қан адамдарға қан беріп, тағдырына араша болып, өмір сыйлау», дейді.

Іс-шараға елордалық ҚХА мүшелері, жастар, еріктілер белсенді қатысты. Қайырымдылық акциясының маңызын атап өткен Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бө­лімнің бас маманы Галина Кобзева мұндай игі іс-шара­лар­ды өткізу дәстүрге айналғанын және жыл бойы ұйымдас­тыры­­латынын атап өтті. «Азаматтардың денсаулығының қан өте ма­ңызды бөлігі болғандықтан, біз өз қалауымен донор бо­луға ниет білдіріп, қайырымдылық акциясына атсалысуға кел­ген жан­дарға ризашылығымызды білдіреміз», деді Галина Владимировна.

Аталған акцияның маңыздылығы туралы айта отырып, Денсаулық сақтау министрлігінің Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының өкілі «Осындай қайырымдылық бастамаларын өткізу арқылы біз адамдарды мейірімді болуға және жақын адамымызға көмек қолын созуға жол ашамыз. Ең бастысы, донорға мұқтаж жандардың тілегі орындалатыны жүрекке жылылық ұялатады», дейді.