Қазақстан • 03 Маусым, 2022

Бостандықтың бойтұмары

289 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

ХХ ғасыр басындағы «Серкенің» жастарға деген сарқылмас сенімі адамзат баласының аңсаған намыс жолы азаттық жолы екенін көрсетті. Замана көшінде «Оян, қазақ!» ойландырып, «Маса» тәуелсіздікке үндеп, «Менің Қазақстаным!» өршіл рухты шынықтырды. Ұлттық намыс – ұлттың ұлықтығы үшін өтелетін әрбір қоғам мүшесінің қарызы мен парызы.

Бостандықтың бойтұмары

Қазақстан тәуелсіздігін әлем жұртшылығына жариялаған­нан кейін оның қалыптасуы мен дамуы бас аяғы отыз жылдың ішінде тарам-тарам жолдардан, алынбайтындай көрінген асулардан өтті. Бұл мемлекеттіліктің тағы да бір жаңғырған қадамы еді.

Әлемдік геральдика тәжі­ри­бесіндегі халық үшін ең қас­терлісі – Мемлекеттік геральдика. Тәуелсіздік тарихының жарқын беттерінің бірі, Қазақ­станның елтаңбасын, туын ережелерге сай құрастыру, сипаттау, Гимнін бекіту және халыққа ұсыну салтанаты болатын.

Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекет­тік Гимні екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді. Мем­ле­кеттік Гимнге Жұмекен Нәжі­меденовтің сөзіне жазылған Шәм­ші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні таңдалды. Қазақстан Парламенті 2006 жылы 6 қаңтарда палаталардың бірлескен отырысында «Мемле­кеттік рәміздер туралы» Жар­лыққа тиісті түзету енгізіп, елі­міздің жаңа мемлекеттік Гимнін бекітті. Тарихи кезеңде Гимннің мәтініне Тұңғыш Президент Нұр­сұлтан Назарбаев түзетулер ұсынып, бекітілген болатын.

Расында, тәуелсіздік бізге мол мүмкіндіктерді ашқаны талас тудырмайтыны ақиқат. Бүгінде 4 маусым мемлекет­тік рәміздерімізді ұлықтайтын күн ретінде бекіді. Егемендіктің іргетасының беріктігінің бел­гісі – тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері дү­ние­ге келді. Мемлекеттік ту, Мем­лекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Гимн елдіктің бойтұмарына айналды.

Белгілі суретші Шәкен Нияз­беков ұсынған көк ту байқауда жеңіп шығып, бүгінгі күні көкте желбіреп, мақтанышымызға айналды. Отбасы мен шаңырақ­тың берекесін, халықтың дарқан көңілі мен бейбітсүйгіштік рухын, ерік-жігерін асқақтат­­қан, танымал сәулетшілер Жан­дарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлихановтың ұсынған Қазақстанның басты символы – Мемлекеттік елтаңба елді­гі­міздің көрінісі.

Заманауи жағдайдағы экономика қоғам белсенділігін көтеру және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға негізделгені әу бастан аян. Өсіп-жетілген жастардың жаңа буынына артылар үміттің мол екендігі де рас. Интеллектуалды ұлт бол­мысын қалыптастыру мақса­тында бүкіл ресурстарды жұ­мыл­дыру көзделіп жатқаны да бар­шаға мәлім. Қазіргі жа­һан­дық өзгерістер дәуірінде ха­лықаралық қатынастардың бей­берекет жүйесі аясында өз­ара қарым-қатынастарға деген сенімнің тоқырауға ұшырауы өте өкінішті. Әлемдік құлдырау мен дағдарыс жағдайында Қазақ­стан – халықтың аманатына қия­нат жасауға болмайтындығын мемлекеттік деңгейде ашық мә­лімдеген бірегей мемлекет екенін қай кезде де мақтанышпен айта аламыз. Қазақстандық кемелдену – тұрғындар әл-ауқатын арттыру, әлеуметтік Стратегияның іске асуы. Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстанның басты бағыты – жасампаздықпен асыл мұрат­тарға жету. Сол жолда көк туымыз биіктерде желбірей берсін! Рәміздер күні құтты болсын!

 

Құндызай ЕРІМБЕТОВА,

Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері,

тарих ғылымдарының кандидаты