Елорда • 04 Маусым, 2022

Елордада «TRANSCARD» көлік карталарының құны өзгереді

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда 15 маусымнан бастап «TRANSCARD» көлік карталарының құны өзгереді, деп хабарлады Egemen.kz elorda.info.kz сайтына сілтеме жасап.

Елордада «TRANSCARD» көлік карталарының құны өзгереді

«Құрметті жолаушылар! 2022 жылдың 15 маусымынан бастап «TRANSCARD» көлік карталарының құны өзгеретінін хабарлаймыз.

Дербестендірілген (жеңілдікті және мектептік) көлік карталарын бастапқы шығару құны ҚҚС-мен 800 теңгені, қайта шығару құны ҚҚС-мен 1500 теңгені құрайды.

Атаулы емес көлік карталарының құны ҚҚС-мен 800 теңге.

Картаны шығару құнының өзгеруіне жеткізушілерден көліктік картаны сатып алу бағасының көтерілуі және көлік карталарын сату операциялық шығындарының артуы себеп», делінген CTS компаниясының хабарламасында.