Ауа райы • 07 Маусым, 2022

Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

391 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазгидромет синоптиктері 7 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

7 маусымда Қазақстанның басым аумағында құбылмалы ауа райы күтіледі: найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Батыста, солтүстікте, оңтүстіктің таулы аудандарында бұршақ, дауыл болжанады. Еліміздің оңтүстігінде, орталығында, шығысында ауа райы – жауын-шашынсыз.

Республика бойынша жел күшейіп, солтүстікте – тұман, оңтүстік-батыста, солтүстікте – шаңды дауыл болады. Атап айтқанда, Қостанай облысының батысында, солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында найзағай, бұршақ, дауыл, күндіз облыстың оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Желдің екпіні 23-28 м/с күшеюі ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман, күндіз оңтүстік-батысында, батысында, солтүстігінде 15-20 м/с күшпен жел соғады.

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында, күндіз солтүстік-шығысында найзағай, бұршақ, дауыл болжанады. Облыстың солтүстігінде, солтүстік-батысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде найзағай, желдің күші – 15-20 м/с. Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында – найзағай, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 25 м/с құрайтын жел күтіледі.

Атырау облысында желдің күші 15-20 м/с құрайды. Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде найзағай, шаңды дауыл, күндіз батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с екпінде жел күтіледі.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с құрайды. Күндіз Қарағанды облысының батысында, шығысында желдің күші 15-20 м/с болады. Күндіз Қызылорда облысының орталығында желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл, 15-20 м/с екпіндегі жел күтіледі. Күндіз Қарағанды, Қызылорда, Қостанай облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық болады. Қызылорда облысының батысында, шығысында, орталығында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Алматы облысының батысында төтенше өрт қаупі күтіледі.