Референдум • 08 Маусым, 2022

Демократиялық дұрыс қадам

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан халқы үшін 5 маусым өте маңызды күн болды. Барша қазақстандықтар жұдырықтай жұмылып, таңның атысымен өз сайлау учаскесіне келіп, болашағымыз үшін дауыс берді. Жалпы демократиялық өзгерістерге дауыс беруді дұрыс қадам деп санаймын.

Демократиялық дұрыс қадам

Мен Нұр-Сұлтан қаласындағы №113 сайлау учаскесіне барып азаматтық таңдауымды жасадым. Бір байқағаным, еліміздің болашағы ақ шашты ақсақалдан бастап, саналы жастарымызды алаңдатады екен. Өз учаскесіне ағылып келіп жатқан еркін ойлы жастарды көріп қуандым.

Конституциямызға енгізілетін өзгерістер ішінде жылдар бойы қордаланған жер мәселесіне қатысты түзетулер бар. Бұрын «Жер және оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да таби­ғи ресурстар мемлекет меншігі» делінген болса, енді, меншік құқығы халыққа өтеді, мұнан кейін барлық заң жаңа жағдайларға сәйкес түзетіледі. Яғни заңдағы түзету­лер қазақстандықтардың жаңа құқықтық мемлекет құрудағы алғы­шарттардың бірі деп білемін.

Референдум халықтың легитим­ді еркі екенін аңғаруға болады. Ата Заңымыздағы әрбір бап бір-бірімен байланысып тұр. Қазақстан халқының дұрыс таңдауы арқылы біз құқықтық мемлекеттің либерализациялануына қол жеткізетін болдық.

 

Самат АҚЫШЕВ,

Мәжіліс депутаты,

Amanat партиясы фракциясының мүшесі