ЕО Қазақстанда қаңтардағы қайғылы оқиғалардан кейін басталған әлеуметтік-экономикалық реформалармен қоса, 16 наурызда Президент Қ.Тоқаев бастаған саяси реформаларды құптайды. Біз, сондай-ақ, халықпен тікелей консультациялар өткізу және референдум барысын қадағалау үшін ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюроны шақыру жөніндегі шешімді құптаймыз. Болашақта Қазақстан үшін ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюроның ұсынымдарын толық орындау аса маңызды.
Қазақстан Еуропалық одақ үшін маңызды әрі құнды әріптес болып қала береді. Біз бейбіт жиналыстардың, ашық пікір білдіру мен қауымдастықтың негізгі еркіндіктерін қоса алғанда, кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісіміміздің міндеттемелерін орындау, сондай-ақ байланыстарымызды, сауда және ынтымақтастығымызды дамыту үшін бірлесе жұмыс істейміз.
Питер СТАНО,
Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жетекші баспасөз хатшысы