Қоғам • 08 Маусым, 2022

Заң тұжырымдамасының жобасы талқыланды

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше көрнекті ғалым және мемлекет қайрат­кері, Мемлекеттік комиссияның мүшесі Исидор Шамилович Борчашвилидің төрағалығымен сая­си қуғын-сүргін құрбандарын толық оңалту мәселелері бойынша заң жобаларын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті.

Заң тұжырымдамасының жобасы талқыланды

Жұмыс тобы Қазақстан Президенті­нің 2020 жылғы 24 қарашадағы №456 Жар­лығымен құрылған саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық оңал­ту жө­ніндегі мемлекеттік комиссия қыз­метінің шең­берінде құрылған. Оның құрамына мем­лекеттік комиссия мү­ше­­лері, көр­некті ғалым-заңгерлер, Парламент депу­таттары, сондай-ақ Пре­зидент Әкім­шілігінің, Бас проку­рату­раның, Әділет және Ішкі істер минис­трлігінің жауапты қызметкерлері кіреді.

Жұмыс тобының міндеті-саяси қу­ғын-сүргін құрбандарын ақтау мәсе­ле­лері бойынша сапалы жаңа заңдар әзірлеу.

Мемлекеттік комиссияның жұмысы барысында мұрағат материалдарын зерделеу, құқық қолдану практикасы, ұлттық заңнаманы және шетелдік тәжі­рибені талдау қорытындылары бойынша бірқатар проблема анықталды, соның салдарынан Қазақстан үшін ерекше құрбандардың бірқатар санатты қолданыстағы заңға енгізілмеген және ақталмаған.

Заң жобалары шеңберінде оларды шешу үшін заңнамалық кедергілерді жою жоспарлануда.

Жұмыс тобының бірінші отырысында саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау туралы заң тұжырымдамасының жобасы талқыланды.

Атап айтқанда, толық заңды ақтау мәселелерін қарау, саяси қуғын-сүр­гін­дерден зардап шеккендердің санат­тарын және оларды айқындау тәсіл­дерін ке­ңей­ту, оңалту рәсімдерін жеңіл­дету, оңал­тудың тұтас жүйесін институ­цио­налдық нығайту және құру жоспарлануда.

Сонымен қатар отырыста бір­қатар басқа да ғылыми-теория­лық, заң шы­ғарушылық және ұйымдастырушылық мәселелер талқыланды.

Мемлекет басшысының тапсырма­сын орындау бойынша жұмыстар жал­ғасуда.