Аймақтар • 09 Маусым, 2022

Мәслихаттардың міндеті айқындалды

246 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы облыстық мәсли­хатының кезектен тыс ХХ сессия­сы өтті. Күн тәртібінде Алматы облысының мәсли­хатын Алматы және Жетісу облыстарының мәсли­хат­тарына бөлу мәселесі қаралды.

Мәслихаттардың міндеті айқындалды

Ел Президентінің 2022 жыл­ғы 3 мамырдағы №887 Жар­­лығына сәйкес Алматы облы­сының құрамынан Жетісу об­лысы бөлініп шықты. Осы­ған байланысты Алматы облыс­тық мәслихаты да Алматы және Жетісу облыстарының мәсли­хаттары болып екіге бөлінді. Облыстық мәслихат бұған дейін 45 депутаттық мандат бо­йынша өз өкілеттілігін жүзеге асырып келген болса, енді құзырлы орган Amanat партиясы, Қазақстанның Халық партиясы және «Ауыл» партиясынан құралған депуттық фракциялардың келісімімен және сайлаушылар санын ескере отырып, қайта жасақ­тал­ды. Яғни енді Алматы облы­сы­ның мәслихатында 26 депутат, Жетісу облысының мәсли­хатында 19 депутат болады.

Мәслихат сессиясының жұмысын түйіндеген облыс әкімінің міндетін атқарушы Ләззат Тұрлашов бұл жиынды тарихи оқиға деп атап өтті. Ол қос облыстың депутаттарын құттықтап, ел игілігі жолындағы еңбектеріне сәттілік тіледі.

Ал сәл үзілістен кейін Жетісу облыстық мәслиха­ты­ның алғашқы сессиясы да өтті. Жиында әріптестернің қол­дауына ие болған депутат Гүл­нар Тойлыбаева жаңа облыс мәслихатының хатшысы болып сайланды. Ол бұған дейін Amanat партиясының Ал­маты облыстық филиалының ат­қарушы хатшысы қызметін атқар­ған болатын. Депутаттар кор­пусы Г.Тойлыбаеваның канди­датурасына бірауыздан дауыс берді. Сондай-ақ, алғашқы сессия барысында депутаттар Жетісу облысы мәслихатының тұрақты ко­мис­сияларын құру, олардың құ­ра­мын бекіту, сол сияқты мәс­лихат аппаратының рег­ламентін, құрылымын және штат кестесін бекітуге қатысты бірқатар мәселені талқылады.

 

Алматы облысы