Қоғам • 09 Маусым, 2022

Britannica – іскерлік үлгісі

154 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Алм­атылық кәсіпкер Арайлым Қырғызбекова Almaty Business-2025 өңір­лік бағдарламасын пайдаланып, Britannica балабақшасын дамытуға жыл­дық 6% мөлшерлемемен 9 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие алды.

Britannica – іскерлік үлгісі

Балабақшада британдық білім беру жүйесі енгізілген, ол өскелең ұрпақты тәрбиелеудің көпжылдық дәстүрлеріне негізделген және әлемдегі ең үздіктердің бірі болып саналады. Оның ерекшелігі, міндетті пәндермен қатар балалар қоршаған әлемді білім беру ойындарының көмегімен үйренеді. Бұл жерде әр баланың жеке дамуы, оның дайындық деңгейі, қабылдауы, ойлауы және есте сақтауы ескеріледі.

«Біз ағылшын тілді ортаны құруға тырыстық, сіңіру әдісін қолданамыз: бізде ағылшын тілін шетелдіктер үйретеді. Ағылшын тілінде айкидо, хореография, музыка, baby yoga, шахмат секциялары бар. Ағылшын тілімен қатар балалар қазақ тілін үйренеді. Балабақшаның артықшылығы – шағын топтар, әрқайсысында 12 баладан аспайды, бұл әр балаға жеке-жеке назар аударуға мүмкіндік береді. Біздің мақсатымыз – өз бетінше ойлайтын, зерттеуді және құруды жақсы көретін адамды тәрбиелеу», дейді балабақша директоры Арайлым Қырғызбекова.

Одан басқа Britannica-да демалыс күндері қызмет көрсетіледі. Бұл жұмыс кестесі нормаланбаған немесе аяқастынан іссапарға баратын ата-аналар үшін өте ыңғайлы. Алматы қаласында алғаш рет мектепке дейінгі білім беруде балаларды балабақшада болған кезде сақтандыру жүйесі енгізілді. Бұл көптеген шетелдік ата-аналар бағалаған маңызды шарт.

«Менің ойымша, бүгінде Қазақ­с­тан­да бизнесті жайлы жүргізу үшін барлық жағдай жасалған. Бұл тұрғыда мен мемлекеттік қолдаудың барлық құралын пайдалануға тырысамын. Алғаш рет бір жыл бұрын Almaty Business-2025 бойынша жеңілдетілген несие алдым. Сол кезде 10 млн теңге мөлшеріндегі қаражатқа балаларды тасымалдау үшін көлік сатып ал­дық. Қызметкерлердің жалақысы «Ең­бек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағ­дар­ла­масы бойынша ішінара субсидияла­на­ды. Сондай-ақ біз «Балапан» бағ­дар­ла­масының қатысушыларымыз. Бұл бойынша ата-аналардың білім алуға жұмсаған шығындарының бір бөлігін мемлекет өтейді. Бұл өз ісін тұрақты дамыту үшін пайдалануға болатын және бизнес үшін қажет болатын үлкен қолдау», дейді бизнесвумен.

Кәсіпкерлікті қолдаудың қолданыс­та­ғы мемлекеттік бағдарламалары бо­й­ын­ша кеңестерді Qoldaý кә­сіп­кер­лік ор­талығынан алуға болады. Өз ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер мемлекеттік қолдау шаралары және жобаларды жеңілдікпен қаржыландыру туралы біле алады, бизнес-жоспар жазуға тапсырыс бере алады, кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өтіп, бизнес-идеяларды іске асыру үшін белгілі бір рұқсат құжаттарын ала алады.