Аймақтар • 09 Маусым, 2022

Алматыда балмұздақ зауытының 5 жұмысшысы уланып қалды

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда балмұздақ шығаратын зауытта 5 жұмысшы аммиактан уланған, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыда балмұздақ зауытының 5 жұмысшысы уланып қалды

Алматыда балмұздақ шығаратын зауыттың бес жұмысшысы аммиактан уланған. Алдын ала қорытынды бойынша, мұздатқыш баллонның артқы жағындағы резеңке тығыздағыштың зауыттық ақауы салдарынан 500 грамм зиянды зат ағып кеткен. Ауысым кезінде өндірілген өнімдер сатылымнан алынды. 

Уланған қызметкерлер дереу ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер 26, 46 және 38 жастағы үш науқастың хәлін ауыр деп бағалап отыр. Олар жансақтау бөлімінде жатыр.

«Науқастың біреуі жағдайы тұрақты болуына байланысты стационарлық емнен бас тартты. Қазір үш науқас жансақтау бөлімінде ем алып жатыр. Жағдайлары тұрақты ауыр», деді Алматы қаласы жедел көмек көрсету ауруханасының бөлім меңгерушісі Бауыржан Омаров.