Экология • 10 Маусым, 2022

Көлсайда ілбіс жүр

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Көлсай көлдері» ұлттық сая­бағында ілбіс фототұзаққа тү­с­ті. Бұл туралы Экология, гео­ло­гия және табиғи ресурстар ми­нис­трлігінiң Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Instagram-дағы парақшасында жариялады.

Көлсайда ілбіс жүр

«Қар барысының ұрғашысы және оның бір жасар аланы «Көл­сай көлдері» ұлттық табиғи паркінің бейнетұзағына ілінді. «Қызыл кітап­қа» енген жануар бұған дейін де фото­тұзаққа бірнеше рет түскен болатын», делінген Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің хабарламасында.

Наурыз айында Шымбұлақ тау-шаңғы курортында қар барысы тау етегіне түскен болатын. Бұған де­йін таудан түскен ілбісті Кербұлақ тұр­ғын­дары та­биғи ортасына қайтаруға себеп­ші бол­ған еді. Ілбіс (қар барысы) Үкі­меттің 2006 жылғы 31 қазан­дағы №1034 қаулысы бойынша сирек кез­десетін және құрып кету қаупі төніп тұрған жануарлардың тізіміне енгізілген.