Спорт • 13 Маусым, 2022

Атаулы жылға арналған ашық турнир

368 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазалы ауданындағы Қ.Пірімов ауылында 2009-2010, 2011-2012 жылдары туылған жасөспірімдер арасында бокстан аудандық ашық турнир өтті. Даңқты қолбасшы Жалаң­төс батыр жүлдесі үшін «Балалар жылы» аясында ұйым­дастырылған жарыста 180 оқушы шаршы алаңға шықты.

Атаулы жылға арналған ашық турнир

Бес күнге жалғасқан турнирдің негізгі ұйымдастырушысы №18 Қазалы аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі болды. Атаулы жыл аясындағы сайыс­ты өткізуге аудандық спорт, ішкі саясат бөлімдері, Жастар ресурстық орталығы ма­мандары, Жалаңтөс баһадүр ұрпақтары да үлкен үлес қосыпты.

Аты аудандық болғанмен бұл жолғы жарыстың ауқымы кең. Турнирге қатысушылар арасында облыс аудандарынан бөлек көршілес Түркістан облысы мен Өзбекстан Республикасынан келген жас спортшылар болды.

Қазалы – түрлі спорт түрінен алда жүрген аудандардың бірі. Бұл жарыста да ауылдардағы балғын спортшылардың бағы жанды. Ж.Баһадүр, Қ.Пірімов ауыл­дарының спортшылары бірін­ші тұғырдан көрінді. Өзге аудан­дар мен Түркістан облысынан, Өзбекстан Республикасынан келген боксшылар да жеңімпаз атанды.

 

Қызылорда