Елорда • 13 Маусым, 2022

Елордада жалған құжат жасаған қылмыстық топ анықталды

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда бюджетке салық төлеуден жалтарғандарға жалған шот-фактуралар жазып беріп отырған қылмыстық топ әшкере болды, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

Елордада жалған құжат жасаған қылмыстық топ анықталды

ҚМА елордалық департаменті 2020-2021 жылдар аралығында көлеңкелі экономика саласында ауыр қылмыстар жасаған бір топ тұлғаны әшкереледі.

«Хан Виталий Васильевич басқарған қылмыстық топ өз клиенттерін бюджетке салық төлеуден босату мақсатында бақылаудағы 7 заңды тұлғаның контрагенттеріне жалған шот-фактуралар жазып берген. Олар өз әрекеттерімен мемлекетке 490 миллион теңгеден астам сомаға аса ірі көлемде зиян келтірген.

Сот басты айыпталушы Хан Виталийге қатысты 4 жылға бас бостандығынан айыруға, ал заңсыз ақша жинаумен айналысқан екі адамды шартты түрде бас бостандығынан айыруға үкім шығарды», делінген хабарламада.

ҚМА мәліметінше, үш айыпталушыға да ұзақ мерзімге коммерциялық ұйымдарда басшылық қызметтерді, оның ішінде шот-фактураларды беруге байланысты лауазымдарды атқаруға тыйым салынған.

Төленбеген салықтар камералдық бақылау және салықтық тексеру аясында барлық контрагенттерден өндіріп алынатыны айтылды.