Бұл жәдігерлер «Батыс Сарыарқа және Солтүстік Арал бойы сақтарының мәдени кешені: пәнаралық зерттеу» гранттық жобасы аясында жүргізілген археологиялық жұмыстар аясында, Қызылорда облысы Арал ауданы Сексеуіл темір жол станциясы маңындағы Құмсай тұрағы, Қосаман ескерткішіне және Ақтөбе облысы Ырғыз аудан орталығының маңында орналасқан Қабанқұлақ – 3 қорымына жүргізілген зерттеу жұмысы барысында табылған екен.
«Құмсай тұрағы Терменбес тауын айналып ағатын Жоғарғы белдем өзенге жақын бархан-құм арасындағы қуыста орналасқан. Жұмыс барысында 2х2, 1х1 шурфтар қазылды. Ол жердің ашық қабатынан артефакті табылмағандықтан, сүзгіш құралдар арқылы артекфакті шешімі қабылданды. Сөйтіп, 154 шаршы метр алаңға 1х1 мм тормен квадраттық жинау тәсілі жүргізілді. Нәтижесінде, 1500-ден астам артефакті сүзіп алынды. Олардың ішінде нуклеустар, жебелердің ұштары, қырғыштар, пластиналар, отщепалар, чиптер және әртүрлі ою-өрнектері бар керамиканың ұсақ фрагменттері, т.б. бар. Құм тіліміндегі шурфтардың бірінен прокал табылып, оның топырағына флотациялық бақылау жүргізілді», дейді жұмыс тобының жетекшісі Рүстем Дәрменов.
Сондай-ақ Қабанқұлақ 3 қорған-қорымы жаңадан зерттеліп, археологиялық материалдар қорымның Еуразия көшпенділері дәуіріне жататынын анықтады. Өкінішке орай, өткен тарихтың жұмбақ сырларын толықтай анықтауға қорғандардың тоналуы кері әсерін тигізген көрінеді. Десек те соған қарамай энеолит және ерте темір дәуіріне тән жәдігерлер Ұлттық музей қорын толықтырумен қатар, аталған кезеңдерде өмір сүрген халықтың тұрмыс-тіршілігімен танысуға мүмкіндік береді дейді мамандар.