Аймақтар • 14 Маусым, 2022

ШҚО-да тұрғын үйден өрт шықты

404 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскеменде Промышленная көшесінде орналасқан тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО-да тұрғын үйден өрт шықты

Өрт пәтердің қонақ бөлмесін шарпыған. Салдарынан үйдегі тұрмыстық техникалар, жиһаздар түгел жанып кеткен.

«Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері 2014 және 2011 жылғы екі бала мен олардың 1959 жылғы әжесіне алғашқы көмек көрсетіп, улану белгілерімен ауруханаға жеткізді. Өрт сөндірушілер жалпы ауданы 20 шаршы метр аумақты жандырған тілсіз жауды толықтай ауыздықтады», делінген ақпаратта.

Белгілі болғандай, өрт розеткадан шыққан. Бұған электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамау себеп болып отыр.

Аяна Тоғанбек