Ғылым • 15 Маусым, 2022

Артериялық патологияны емдеудің жаңа әдісі

1178 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстандық ғалымдар артериялық патологияларды емдеудің жаңа әдістерін ойлап тапты. Зерттеушілер жаңа әдістер мен осыған қатысты құрылғыларға отандық және халықаралық патент алды. Оны енді практикада қолдануға болады.

Артериялық патологияны емдеудің жаңа әдісі

Жаңа әдістерді Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универ­си­те­тінің Қан тамырлары патология­сы орталығының қызметкерлері әзірледі. Бұл әдістердің жаңа­шыл­дығы құрылғылар мен әдіс­тердің артериялық тамыр өткіз­гіштігін қалпына келтіре ала­тынында болып отыр. Ал ма­ңыздылығына келсек, тың жа­ңа­лық­ты практикада қолдану миокард инфаргінен, инсульттан, трофикалық жаралардан, аяқ сүйегінің іріңдеуі және басқа да мүшелерден болатын мешелдік пен өлімді азайтады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қан тамырлары патологиясы орта­лығының директоры Орал­бай Дәрменов ғылыми өнер­та­быстың әрқайсысына екі патенттен алынғанын айтады.

«Артериялық тамырлардың өткіз­гіштігін қалпына келтіру­ге арналған құрылғылар мен әдістерге Қазақстан Респуб­ли­­ка­сының екі патентін және Еу­ра­зиялық патенттік ве­домст­во­­ның екі патентін алды. Біз­­дің өнертабыстарымыз «Ар­те­рия­лық тамырлардың өткізгіш­тігін қалпына келтіруге арналған құ­рыл­­ғы және әдіс» және «Ате­ро­с­клеротикалық бляш­ка­ларды се­­ле­к­­тивті ультра­ды­­быс­тық дис­­­­се­к­­цияға арналған құрылғы және артериялық та­мыр­лардың өткізгіштігін қал­пы­на келтіру әдісі» деп аталады. Емдеу әдісі мы­надай: біз артерияларда жабық қуыс жасап, артерия ар­қы­лы қан ағып жатқан кезде атерос­кле­ро­ти­калық бляш­ка­­ларды (бляша деген қара­пайым тілмен айтқанда түйін, бүртік, қан тамырларында кез­де­сетін түйіншектерді біл­ді­реді – А.Ш.) препаратпен ері­теміз. Бұл өнертабыстар ате­рос­­к­леротикалық бляшкаларды түбе­гейлі жоюға және бірден бірнеше артерияны таза­лауға мүмкіндік береді», деді О.Дәрменов.

Бұл құрылғыларды қолдану қан тамырларын стенттеу, сон­дай-ақ өмірлік маңызды органдар, яғни жүрек, ми, төменгі аяқ артериялары және басқа да тамырларына ашық шунттау операциялары сияқты белгілі және күрделі әдістерге қарағанда емдеудің са­лыстырмалы түрде тиімді әрі са­палы нәтижесін беруі мүмкін.

«Жыл сайын әлемде стенттер (операцияға қажетті құрылғы – А.Ш.) 60 млрд долларға сатылады, біз ұсынатын емдеу әдісі әлдеқайда арзан болмақ. Біздің өнім техникалық та, құны жағынан да осыған ұқсас аналогтардан бірнеше есе асып түседі», деді аталған орталықтың басшысы.

Қазіргі уақытта ғалымдар кли­­­­­ни­калық сынақтар мен ком­мер­­­циялық өндіріске арналған құ­рыл­ғылардың зертханалық және өндірістік үлгілерін жасаумен айналысып жатыр.