Аймақтар • 15 Маусым, 2022

Теміртауда балаларға арналған тегін лагерь ашылды

452 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екінші жыл қатарынан Теміртау қаласының Мәдениет сарайы балаларға таза ауада тегін жазғы лагерь ұйымдастырып келеді. Балалар мұнда шеберлік сыныптарына және басқа да ойын-сауық іс-шараларына қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Теміртауда балаларға арналған тегін лагерь ашылды

Лагерьге 7 жастан 13 жасқа дейінгі балалар жазыла алады. Сондай-ақ бұл лагерьде төрт тақырыптық маусым ұйымдастырылды. Олар шығармашылық, медиа, еріктілік және экология деп бөлінді. Бір маусымға 20-дан астам бала қабылданады. Ұзақтығы - 10 күн.

Қазір шығармашылық маусым басталды. Ол 24 маусымға дейін жалғасады. Еріктілер маусымы 27 маусым мен 8 шілде аралығында өтеді. 11-22 шілде аралығында жас теміртаулықтарды БАҚ пен медиа бағыты күтіп тұр. Соңғы, экологиялық маусым 25 шілдеде басталады. Лагерь жұмысын 6 тамызда аяқтайды.

«Балаларды педагогтер және тәлімгерлер қадағалайды. Сонымен қатар бізде «Шаңырақ» волонтерлік орталығымен ынтымақтастық бар, сондықтан бізге тағы екі волонтер көмектеседі», деді Мәдениет және демалыс бөлімінің мәдени ұйымдастырушысы Виолетта Куклина.

Аяна Тоғанбек

Соңғы жаңалықтар

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40

Дауыстық ЖИ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 10:30

Ауа батареясы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:25

Ақылды жүйе

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:20

Әзизаның дебюті

Өнер • Бүгін, 10:10

Ауыл балаларының қуанышы

Аймақтар • Бүгін, 09:45

Бар ізгілік – білімде

Қоғам • Бүгін, 09:40

Сөзге салынған шынжыр кісен

Әдебиет • Бүгін, 09:35

Жүрек тулатқан жырлар

Руханият • Бүгін, 09:30