Аймақтар • 15 Маусым, 2022

Қымыздың дәмін-ай!

513 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар қаласында «Қымызмұрындықтың» қызығы қайта жалғасты. Олай дейтініміз, «Нұр-Ана әлемі» қоғамдық бірлестігі жыл сайын дүркіретіп тойлайтын дәстүр пандемия салдарынан екі жыл үзіліс алған болатын. Биыл тұрғындарға 750 литр қымыз үлестірілді.

Қымыздың дәмін-ай!

«Нұр-Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бақыт­жамал Максилованың айтуынша, «Қымызмұрындық» дәстүрі 1994 жылдан бері дәріптелуде.

– Іс-шараны өткізудегі бас­ты мақсат – ұмыт болған дәс­түрді жаңғырту және келешек ұрпаққа насихаттау. Одан бөлек «Сабантой» дәстүрін де атап өтеміз. Бұл жобаны За­ра Қожахметова анамыз бас­таған еді. «Нұр-Ана әлемі» қо­ғамдық бірлестігі мүшелері осы мерекені жалғастырып келеміз, – дейді Б.Максилова.

Іс-шара барысында Қазақ­стан Мұсылмандары діни бас­қар­масының Павлодар об­­лы­сындағы өкіл имамы Жол­дас Қос­пақұлы бата бе­ріп, қы­­мыздан дәм татты. Об­лыс­­­тық Ж.Аймауытов атын­­да­ғы қазақ музыка-драма театры­­­­ның әртістері сахна­лық

қо­йы­­­­лы­м қойып, әже­лер ан­сам­блі жиналған қа­уым­ға әсем әндерден шашу шаш­­ты. Жи­налғандар асық ату­­дан бақ сынады.

Іс-шараны өткізуге қалалық әкім­дік қолдау көрсеткенін атап өт­кен жөн. Жергілікті жо­ғары оқу орындары да атсалысып, әр университет 250 литр қымыз бен 50 кило бауырсақтан әкелген.

 

Павлодар облысы