Ауа райы • 16 Маусым, 2022

Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

419 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазгидромет мамандары 16 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Ел аумағының басым бөлігіне бұрынғысынша атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді, осыған байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Сондай-ақ бұршақ, дауыл күтіледі. Шығыста, оңтүстік–шығыста қатты жаңбыр жауады.

Еліміздің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстік-батыста, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі. Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында жел 15-20, облыстың шығысында екпіні 25 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында, таулы аудандарында бұршақ, дауыл, солтүстік-шығысында, облыстың таулы аудандарында - 15-20 м/с жел тұрады. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында бұршақ жаууы ықтимал, түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман, күндіз солтүстікте, шығыста жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан облысының таулы аудандарында дауыл күтіледі, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл болады.

Павлодар облысының солтүстігінде, күндіз орталығында бұршақ, солтүстігінде, орталығында жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде Қостанай облысының оңтүстігінде тұман, күндіз солтүстік-шығысында, шығысында жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с жел күшейіп, шаңды дауыл тұрады.

Атырау облысының шығысында, Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз Қарағанды облысының шығысында, оңтүстігінде, Қызылорда облысының орталығында жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі. Қызылорда ​​облысында, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Атырау облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысы мен шығысында, Түркістан облысының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі күтіледі.