Қазақстан • 17 Маусым, 2022

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы 20 маусымда жолға шығады

833 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2022 жылдың 20 маусымы Алматы-2 станциясынан «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы еліміздің шалғай станциялары мен жақын жердегі ауылдардың тұрғындарына тегін медициналық көмек көрсету үшін жолға шығады. Пойыз ең алдымен Алматы облысының Байсерке станциясына барады, деп жазады Egemen.kz.

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы 20 маусымда жолға шығады

Мамандандырылған медициналық пойыз 8 вагоннан тұрады: дизель-генератор вагоны, 4 медициналық вагон, 1 конференц-зал және мейрамхана, 2 купе вагон. Дизель-генератор вагоны қажет болған жағдайда шағын елдімекенді электр энергиясымен қамтамасыз ете алады.

Іс-шара барысында медициналық пойыз мамандары арнайы пойыз вагондарымен, бас дәрігер қабылдау бөлмелерімен, сондай-ақ тұрғындарға тегін медициналық көмек көрсететін білікті мамандармен таныстырады.

Жоба «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК АҚ жанындағы «Әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік қорымен бірлесіп іске асырылуда.

Іс-шараға медициналық пойыздың мамандары мен қызметкерлері, сондай-ақ журналистер қатысады.