Білім • 18 Маусым, 2022

Оқу-ағарту министрі Павлодар жұртшылығымен кездесті

346 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Асхат Аймағамбетов Торайғыров университетінде Павлодар халқымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқу-ағарту министрі Павлодар жұртшылығымен кездесті

Министр өз сөзінде мектепке дейінгі тәрбие мәселесіне баса назар аударды. Қазақстандық балабақшаларда жаңа модель енгізілуде - балаларды ойын арқылы тәрбиелеу және оқыту. 

- Орта білім - маңызды деңгей. Өткен жылы елімізде 277 жаңа мектеп салынды. Бала саны артқандықтан, бұл аздық етті. Жоспар бойынша 2025 жылға қарай кем дегенде 1 млн оқушы орны ашылады. Сонымен қатар, біз мектептерде тілдерді біртіндеп енгізуді көздейміз. Мемлекеттік тілдегі мектептер үшін бірінші сыныпта қазақ тілі қосылады, екінші сыныпта орыс, ал үшінші сыныпта ағылшын тілі қосылады, - деді Асхат Аймағамбетов. 

Сондай-ақ министр дебат ойындары мен «Оқитын мектеп» жобалары ұрпақ тәрбиесінде маңызды екенін атап өтті. 

Кездесудің екінші бөлігінде министр тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Ата-аналар қауымы өздерін толғандырған сауалдарына жауап алды.