Тағайындау • 20 Маусым, 2022

Қызылорда облысы экономикалық тергеу департаментіне жаңа басшы келді

1035 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы қызметіне Бақыт Қайшыбеков тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылорда облысы экономикалық тергеу департаментіне жаңа басшы келді

Б. Қайшыбековтің білімі жоғары. Заңгер, бизнес және экономиканың бакалавры.

2007-2012 жылдар аралығында қаржы полициясында әртүрлі қызметтерде, сондай-ақ, басшылық лауазымдарда болды.

2014-2019 жылдары ҚР Мемлекеттік кірістер органдарында қызмет етті.

2019 жылы ҚР ҚМ Қаржы мониторинг комитеті Солтүстік Қазақстан, 2020 жылдан бастап Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы қызметін атқарды.

Бұған дейін аталған қызметте болған Рашид Темірбеков енді Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы қызметіне тағайындалды.