Қоғам • 22 Маусым, 2022

Шілдеде ұн қымбаттауы мүмкін

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұнның тоннасы 250 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін. Бұл туралы астық өңдеушілер одағының президенті Әлихан Талғатбек айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шілдеде ұн қымбаттауы мүмкін

Биыл ақпан-маусым айының аралығында ұнның тоннасы 160 мың теңгеден 220 мыңға дейін көтерілген.

«Шілдеде біз ұнның бағасын тағы өсіруге мәжбүрміз. Өйткені астықтың тоннасы 170 мың теңгеге дейін жетті. Сондықтан ұнның тоннасын 220 мыңнан 250 мың теңгеге дейін көтереміз. Баға шамамен 23%-ке өседі. Бұл барлық ұн өнімдерінің қымбаттауына әкеледі», деді ол.

Одақ ақпаратының мәліметінше, қазір нарықты ресейлік кәсіпорындар жаулап алды. Себебі баға жағынан біз бәсекелесе алмаймыз.

«Ресей ұн экспортына шектеу енгізгендіктен соңғы бірнеше айда қазақстандық диірмендердің 80%-нің жұмысы тоқтатады. Елде 174 диірмен жұмыс істеді. Салдарынан біз Тәжікстан мен Өзбекстан нарығын жоғалттық. Бұл мемлекеттерге жіберілетін ұн экспортының көлемі қысқарды», деді одақ президенті Әлихан Талғатбек.

Аяна Тоғанбек