Қарағанды облысында медицина саласын заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге баса мән беріліп келеді. Мұның өзі пациенттерге дер кезінде диагностикалық көмек көрсетуге, ем-дом жасауға айтып-жеткізгісіз жәрдем беретіні сөзсіз.

Таяуда кеншілер астанасындағы облыстық клиникалық аурухананың терапевтік корпусында сәулелі диагностика орталығы салтанатты түрде ашылды. Мемлекет-жекеменшік әріптестігі негізінде ашылған Shipager медициналық орталығына жоғары дәлдіктегі және жоғары тиімді КТ және МРТ аппараттары қойылған. Айта кету керек, мұндағы заманауи томографтар Қытайдың жетекші медициналық жабдық өндірушісінен сатып алынған.
Бұл аппараттардың мүмкіндігі өте жоғары. Мысалы, 64 тілімі бар КТ аппаратындағы сәулеленудің төмен дозасы арқылы онкогематологиялық аурулары бар пациенттер жан-жақты тексеруден өте алады. Мамандардың айтуынша, облыста бұған дейін мұндай мүмкіндік болған емес.
Сонымен қатар бағдарламалық жасақтамаға пневмониядан кейінгі талдау қосылғанын да айта кеткен жөн. Енді өкпенің зақымдануы автоматты түрде есептеледі. Сондай-ақ жүрек тамырларының жағдайын диагностикалауға арналған виртуалды коронарография бағдарламалары да бар. Мұның өзі жақын арада клиникалық ауруханада 30 орындық кардиология бөлімшесін ашуға мүмкіндік береді.
MRI 1,5 Tesla аппараты жоғары деңгейде зерттеу жүргізуге және сапалы егжей-тегжейлі суреттер алуға қол жеткізді. Бағдарламалық жасақтама жұмсақ тіндерді де, ішкі ағзаларды да тексеруге мүмкіндік береді. Дәрігерлер әртүрлі мөлшердегі ісіктерді ерте кезеңдерде анықтай алады: мұндай жағдай емдеу тактикасын оңай басқаруға алып келеді.
Shipager компаниясының құрылтайшысы Денис Подгайнов жабдықтың кез келген дене салмағы бар пациенттерге есептелгенін айтады.
– Мысалы, КТ 250 кг дейін, МРТ 200 кг дейін. Орталықта рентген аппараты да бар. Мамандар толықтай дайын, өйткені бұл мемлекет-жекеменшік әріптестігі бағдарламасы негізінде ашылған 10-шы орталық. Онда 12 дәрігер жұмыс істейді. Зерттеулерді қашықтан сипаттауға болады. Сондықтан біз Қарағанды, Алматы және Мәскеуден дәрігерлерді бұл іске жұмылдырдық, – дейді ол.
Ал Қарағанды облыстық клиникалық ауруханасының директоры Ержан Нұрбылаев бүгінде өңірде 27 томографтың жұмыс істейтінін айтады. Жыл соңына дейін олардың санын 30-дан асыру жоспарланған.
– Осындай жабдықтар Жаңаарқа, Осакаров және Қарқаралы аудандарындағы орталық ауруханаларға да қойылады. Ауыл тұрғындары үшін бұл жағымды жаңалық. Біз оларға жоғары мамандандырылған медициналық көмекті қолжетімдірек етуге тырысамыз, – деп атап өтті ол.
Апта бойы демалыссыз, күні-түні жұмыс істейтін орталықта тәулігіне 50 науқасты қабылдауға мүмкіндік бар. Терапевтік бейіндегі 300 төсектік орны бар клиникада облыстың барлық жерінен, әсіресе ауылдық жерлерден пациенттер жатып, ем ала алады. Айта кететін бір жайт, жергілікті тұрғындардың басым бөлігінің МӘМС аясында тегін медициналық қызмет алуға мүмкіндігі бар.
Қарағанды облысы
Елорда әуежайында VOLGA DNEPR AIRLINES компаниясының ұшағы тоқтатылды
Оқиға • Бүгін, 13:12
Ауғанстанда тағы жер сілкінісі болды
Әлем • Бүгін, 12:59
Қазақстан 80 мың киікті ататын болды
Қоғам • Бүгін, 12:51
Полиция банкке шабуыл жасаған 2 адамды атып тастады
Әлем • Бүгін, 12:40
Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заң жобасы мақұлданды
Қазақстан • Бүгін, 12:32
Мамандар итбалықтардың қырылу себебін анықтай алмады
Экология • Бүгін, 12:27
Қаңтар оқиғасы: 9 адам азаптау фактісі бойынша қамауда отыр
Қоғам • Бүгін, 12:19
Өскеменде бухгалтер 4,3 млн теңге жымқырған
Аймақтар • Бүгін, 12:09
Цементсіз үй салған мердігерге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 12:00
Ауа райы • Бүгін, 11:55
Елорда әкімдігінің iKOMEK109 орталығына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 11:49
«Ақжайық» резерватында құстардың өлексесі табылды
Қоғам • Бүгін, 11:40
ШҚО тұрғынынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 11:32
Елімізде коронавирус жұқтырған 528 адам ем қабылдап жатыр
Коронавирус • Бүгін, 11:27
Өңірлерге үздік педагогтарды тарту бағдарламасына құжат қабылданып жатыр
Білім • Бүгін, 11:15
«Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржолы салынады
Әлем • Бүгін, 11:07
Астаналық полицейлер есірткінің ірі партиясын тәркіледі
Елорда • Бүгін, 10:53
Қазақстанда бір тәулікте 110 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 10:48
Үндістанда төрт қабатты үй құлап, 19 адам мерт болды
Әлем • Бүгін, 10:40
Павлодарда жол апатынан бір адам қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 10:33
ТҮРІКСОЙ мен Отандастар қоры ынтымастық жөніндегі меморандумға қол қойды
Қоғам • Бүгін, 10:26
Петропавлда жалған хабарлама таратқан адам сотталды
Қоғам • Бүгін, 10:20
Шымкентте трансформатор өртенді
Оқиға • Бүгін, 10:17
Жыл басынан бері 51,4 мың адамға әлеуметтік төлем төленді
Қоғам • Бүгін, 10:08
Елордада заңсыз орнатылған ойын терминалдары анықталды
Оқиға • Бүгін, 10:02
Головкин «Канеломен» жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады
Бокс • Бүгін, 09:50
«GPC Investment» компаниясы мемлекет меншігіне өтеді
Қоғам • Бүгін, 09:42
Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің екінші айналымына жолдама алды
Теннис • Бүгін, 09:35
Ашхабадта Каспий маңы мемлекеттері сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтті
Қазақстан • Бүгін, 09:23
Еліміздің бірқатар өңірінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 09:06
Рухани мұралар дін өкілдеріне таныстырылды
Руханият • Бүгін, 08:34
Әдебиет • Бүгін, 08:33
Қоғам • Бүгін, 08:31
Қаржыны елге қайтару қалай жүргізіледі?
Қазақстан • Бүгін, 08:30
Білім • Бүгін, 08:28
Аймақтар • Бүгін, 08:27
Қоғам • Бүгін, 08:26
Шариғат талаптарына сәйкес алғашқы биржалық нота
Экономика • Бүгін, 08:25
Экономика • Бүгін, 08:24
Гендерлік бюджет құру – өзекті міндет
Экономика • Бүгін, 08:23
Ұқсас жаңалықтар