Медицина • 23 Маусым, 2022

Комбустиологтердің бірегей операциясы

12 рет көрсетілді

Елордада №2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасының комбустиолог-мамандары жалыннан термиялық күйген төрт жасар пациентке бірегей операция жасады. Бала денесінің 50%-ы зардап шеккен. Күйік салдарынан мойынның, екі иық пен білек буындарында қозғалысты шектейтін терең тыртық қалған. Ота пациентке МӘМС жүйесі бойынша тегін жасалды.

«Әлеуметтік медициналық сақ­­тандыру қоры» КеАҚ Нұр-Сұл­­­тан қаласы бойынша филиа­лы­­ баспасөз қызметінің хабар­ла­уынша, бала қатты күйген, ке­­йін­нен бастың қозғалысын шек­­­тей­тін терең тыртық қал­ған. Кү­йік­­тің салдарынан мойын­ның, де­не­нің, екі қолдың гипертро­фия­лық тыр­тықтары, 3-дәрежелі мо­йын контрактурасы, 2-дәрежелі иық буын­дарының контрактурасы болған.

№2 Көпсалалы қалалық балалар ауруханасы комбустиология бөлімшесінің меңгерушісі Бақытхан Сағидолданың айтуын­ша, балада мойынның, кеу­де­нің, екі иық буынының, екі білек­тің медиалды алдыңғы бетін­де боз­ғылт-қызғылт түсті гипер­тро­фия­лық тыртықтар байқалған.

«Иек кеудеге дәнекерленген, бет деформациясы бар. Еріннің төменгі бөлігі төменгі жақтың тістері ашылғанда төмен қарай жылжиды, терең тыртықтың конгломератына байланысты мой­ны қатып қалған. Басын әрі-бері бұра алмайды. Кеуде қуысының алдыңғы бетінде және екі иықта да «жеткенді» терең гипертро­фия­лық тыртықтар пайда бол­ған. Соның салдары екі иық буында­ры­ның контрактурасына алып келген. Иық буындары 90 градус­қа бұрылады», деп түсіндірді ол.

Елорда ауруханасында емделу­шінің мойыны тыртықтарын кесіп, мойынның жетекші кон­трак­турасын түзететін, аяғын­дағы тері-май сынықтарын нәр­лен­діретін пластика жасалды.

«Отадан кейінгі ерте кезеңде пациентте орын ауыстырған қақ­­­пақшалардың толық кірік­кені бай­қалады, басындағы қат­ты күйі тү­зелген, операция­дан ке­йін­гі жаралар жазыла бас­та­ған. Қолданыл­ған емдеу әдісі отаның бірінші кезеңі­нен ке­йін жақсы функционалды нәти­же­ге қол жеткізуге мүм­кін­дік берді. Кейіннен космети­ка­лық ақауларды түзету үшін хирургия­лық ота жасалады. Нау­қас­тың ана­сы баласын шілде айында бізге тағы алып келеді және емдеуді жалғастырады деп үміттенеміз», деп түйіндеді дәрігер.

Термиялық күйіктер меди­ци­наның ең күрделі мәселе­ле­рінің бірі болып қала береді. Бұл оның пайда болу жиілігіне, емдеудің қиындығына және қо­­лайсыз салдарға байланыс­ты. Күйік жарақатының жиі кез­де­сетін салдарының бірі – гипер­тро­фиялық тыртықтардың пайда болуы. Күйіктен кейінгі тыр­тық­тарды емдеу проблемасы қазіргі уақытта әлі де өзекті. Ауыр күйік­терді емдеуде қол жеткізілген үлкен жетістіктерге қарамастан, тыр­тықты деформациялар мен контрактуралары бар науқастар саны аз емес. Осыған байланысты 2013 жылы №2 Көпсалалы қалалық балалар ауруханасында күйік бөлімшесі ашылған болатын, онда күйік салдарынан терең дене жарақаттары ұзақ уақыт жазылмаған бала­ларға маман­дандырылған комбустио­логиялық көмек көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар

Алдағы күндері күн суытады

Ауа райы • Бүгін, 11:55

Уақытпен бірге түлеген

Әдебиет • Бүгін, 08:33

Баладан қашқан безбүйрек

Қоғам • Бүгін, 08:31

Студенттер ара бағып жүр

Білім • Бүгін, 08:28

Маса мазаны ала бастады

Аймақтар • Бүгін, 08:27

Қалыпты ұйқы – қуат көзі

Қоғам • Бүгін, 08:26

Берешек – 24,3 млрд теңге

Экономика • Бүгін, 08:24

Үздіктер анықталды

Қоғам • Бүгін, 08:21

Жұртшылыққа қарай жаңа қадам

Аймақтар • Бүгін, 08:19

Алға ұмтылған Ақмола

Аймақтар • Бүгін, 08:17

Ашық қоғамның айқын көрінісі

Қазақстан • Бүгін, 08:15

Ұқсас жаңалықтар