Спорт • 24 Маусым, 2022

Тағы да допинг

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Қазақстан ұлттық құра­масы мен Павлодардың «Ақсу» клу­бының жартылай қорғаушысы Ай­бол Әбікен осыдан біраз уақыт бұрын допинг қолданды деп айыпталып, футболдан уақытша шеттетілген еді.

Тағы да допинг

Күні кеше бірнеше қазақстандық БАҚ өкілдері Әбікеннің «В» допинг сынамасы да оң нәтиже көрсеткенін хабарлап, ФИФА оның футболдан үш жылға шеттетілгенін мәлімдеді. Қазақстандық футболшы допинг-тесттен наурыз айында Ұлттар лигасындағы Молдовамен болатын плей-офф матчы қар­саңында өткенімен, оның қанынан тыйым салынған мельдоний препараты табылғаны мамыр айында белгілі болды.

Айта кетейік, Әбікен допингпен ұсталған үшінші қазақстандық футболшы. 2020 жылы Бауыржан Исламхан, 2021 жылы «Тобылдың» қорғаушысы Руслан Валиуллин допингпен ұсталып, екеуі де футболдан екі жылға шет­тетіл­ген болатын. Исламханның жаза мерзімі биыл қарашада аяқталады.