Әлем • 24 Маусым, 2022

Украина мен Молдова Еуроодаққа үміткер елдер қатарына кірді

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Украина мен Молдова Еуроодаққа үміткер елдер мәртебесін алды. Бұл шешім Еуроодақтың Брюссельдегі саммитінде айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Украина мен Молдова Еуроодаққа үміткер елдер қатарына кірді

Бұрынғы кеңестік екі республиканың ЕО мүшелігіне өтінімдері жоғары қарқынмен қаралды. Еуроодақ төрағасы аталған елдердің Еуропалық Одақтағы критерийлерге сай болу үшін үлкен өзгерістер жасап, кемшіліктерді түзету керек екенін ескертті.

Саммитте сөз алған Франция президенті Эммануэль Макрон Одақтың Украинаға практикалық көмек көрсеткенін айтты.

«Біз жылдам, тарихи маңызды және біртұтас шешімдер қабылдадық. Украинаға макроэкономикалық, әскери, қаржылық қолдау көрсеттік, енді осы саяси қимылмен қолдау білдірудеміз», деді Франция президенті.