Әлем • 24 Маусым, 2022

Рязань маңында ұшақ құлады

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Рязань маңында Ил-76 ұшағы құлады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Рязань маңында ұшақ құлады

«Известия» хабарлағандай, ұшақ 24 маусымда Михайловский тасжолында апатқа ұшырады. Мәлімет бойынша, Ил-76 ұшағынан өрт шыққан. Ұшақ қонуға тырысып, айнала бастаған.

Ұшақ бортында шамамен 10 адам болған. РФ ТЖМ мәліметі бойынша, әуе кемесінің құлауы салдарынан үш адам қайтыс болды, тағы бесеуі жарақат алып, ауруханаға түсті.

Қазір Ил-76 құлаған жердегі өрт сөндірілді.