Әлем • 26 Маусым, 2022

АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Жапония Ресейден алтын сатып алуға шектеу енгізбек

416 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Германияда өтетін G7 елдері саммитінде Ресей алтынын сатып алуға шектеу енгізбек. Бұл туралы Британия үкіметі басшысының кеңсесі таратқан хабарламада айтылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Жапония Ресейден алтын сатып алуға шектеу енгізбек

«Ресей алтынын сатып алуға Ұлыбритания, Канада, АҚШ, Жапония тыйым салады. Бұл туралы бүгін G7 елдері саммитінде жарияланады», делінген хабарламада.

Алдағы аптада Ресей Федерациясынан алтын импортына тыйым салу туралы заң Парламентке енгізіледі деп күтіледі. Шектеулер жаңадан алынған және тазартылған алтынға қолданылады.

Аяна Тоғанбек