Қазақстан • 27 Маусым, 2022

Газеттер «сөйлеген» күн

390 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық тарихи-өлкетану му­зейінде «Ақтөбенің ақпарат әлемі» атты көрме өтті.

Газеттер «сөйлеген» күн

Оған «Кедей» («Ақ­төбе») газетінің 1928 жылғы және «Степ­ная правда» («Актюбинский вест­ник») газетінің 1921-1923 жыл­дар­дағы сандары, Шалқар аудан­дық тарихи-өлкетану музейінің қорында сақталған «Социалистік туы» («Шалқар») газетінің 1934 жылы латын қарпімен шығарылған нөмірі қойылды. Құнды дүниелердің қатарына 1941 жылы шыққан «Социалистік жол» («Ақтөбе»), «Актюбинская правда» («Актюбинский вестник») басы­лымдарының сарғайған парақтарын да қосуға болады.

Сондай-ақ көрме залында облыс­тық тарихи-өлкетану музейінің қорына әр жылдары тапсырылған ескі фотоаппараттар да қойылды. Осы залдан ескі фотоаппараттармен түсірілген өңір тарихынан сыр шертетін ақ-қара түсті фотоларды да көруге болады. Соңғы жылдары облыстық мұрағатта өңір тарихының шежіресіне айналған облыстық басылымдарды электрондық форматқа көшіру жұмыстары қолға алынды.

14

 

Ақтөбе облысы

Соңғы жаңалықтар

Енді жолдарға тұз себілмейді

Инфрақұрылым • Кеше