Қаржы • 27 Маусым, 2022

Доллар 9 теңгеге арзандады

273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

KASE Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Доллар 9 теңгеге арзандады

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне сәйкес, доллар бағамы 24 маусым кешімен салыстырғанда 9,23 теңгеге төмендеп, 1 доллар - 460,95 теңге болды.

Ұлттық банктің 27 маусымдағы ресми бағамы - 1 доллар үшін 470 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 458 теңге, сатып алу - 463 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 457 теңгеден болса, сатып алу құны - 460 теңге.