Аймақтар • 28 Маусым, 2022

Тарбағатай тұрғынынан 700 келіден астам балық тәркіленді

19 рет көрсетілді

Тарбағатай тұрғыны 700 келіден астам көксерке балығын заңсыз тасымалдаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері тиісті құжаттарсыз көп мөлшерде балық тасымалдаған ер адамды ұстады.

Маусым айының ортасында патрульдік полиция қызметкерлері патрульдеу кезінде республикалық маңызы бар Омбы-Майқапшағай автожолында, Көкпекті ауылына кіреберісте Toyotа автокөлігін тоқтатқан.

Тексеру барысында Тарбағатай ауданының тұрғыны – 32 жастағы жүргізушінің рұқсат құжатынсыз 745 келіден астам балық, оның ішінде 713, 85 келі көксерке, алты килограмнан астам шортан және 20 килограмнан астам мөңке балығын тасымалдағаны анықталды.

Аталған факті бойынша Тарбағатай ауданының 32 жастағы тұрғынына қатысты ҚР ҚК 335-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Айта кету керек, бұл Омбы-Майқаншағай тас жолында балықты заңсыз тасымалдаған алғашқы жағдай емес. Осыған байланысты ШҚО Полиция департаменті Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулағаны үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді.

Аяна Тоғанбек

Соңғы жаңалықтар

«Айқайдың» астары

Өнер • Кеше

Байрон ұйығы

Әдебиет • Кеше

Күн гүлі

Таным • Кеше

Ұқсас жаңалықтар