«Шариғат талаптары мен құндылықтарына сәйкес келетін инвестициялық мақсаттарға жетудің қарапайым және қымбат емес тәсілін ұсынамыз. ISDW – бұл инвестициялаудың исламдық қағидаттарын ұстанатын, арзан және сапалы активтердің оңтайлы теңгерімін қамтамасыз ете алатын әрі инвестицияларды анағұрлым тиімді әртараптандыруға ықпал ететін компаниялар кіретін портфель», деді AIX басқармасының төрағасы Ренат Бектұров.
АХҚО әкімшілігі басқармасының төрағасы Ернұр Рысмағамбетов айтқандай, бұл листинг Қазақстанда және өңірде исламдық қаржыландыру саласындағы инвестициялық құралдарға өсіп отырған сұранысқа жауап болып қана емес, сонымен бірге заманауи шешімдер мен саланы дамыту перспективаларына қатысты нарыққа белгі саналады.
Осы ноталарға қатысты пәтуаны Alhamd Shariah Advisory Services Private Limited компаниясы шығарды.