Қоғам • 01 Шілде, 2022

6,5 млрд теңгенің жалған шот-фактурасын жасағандар сотталды

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің қызметкерлері шот-фактураларды заңсыз жазып беру фактілерін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

6,5 млрд теңгенің жалған шот-фактурасын жасағандар сотталды

Тергеу барысында В.Р. Легин мен С. А. Рыжаков жалған тұлғаларға рәсімделген 13 компания құрғандығы анықталды. Олар 2019 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі кезеңде осы компаниялардың атынан бірқатар заңды тұлғаларға жалпы сомасы 6,5 млрд теңгеге жалған шот-фактуралар жазып берген.

Агенттіктің мәліметінше, Легин мен Рыжаковтың қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде мемлекетке төленбеген салық түрінде 2 млрд теңгеден астам сомаға залал келтірілген.

«Сот екеуін де кінәлі деп танып, Легин Вильгельм Робертович пен Рыжаков Сергей Александровичті 2 жыл 9 айға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ Легиннен 13 млн теңгеден астам ақша тәркіленді», делінген хабарламада.