Қоғам • 03 Шілде, 2022

Мүгедектігі бар жеті мыңнан астам адам жұмысқа орналасты

246 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2021-2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында 2,2 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тұрақты жұмыс орнына және 5 мыңнан астам адам уақытша жұмысқа орналастырылды.

Мүгедектігі бар жеті мыңнан астам адам жұмысқа орналасты

Бұған қосымша мүгедектігі бар адамдар үшін белгіленген жұмыс орындарының квотасы шеңберінде осы жылдың І тоқсанында халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамасы бойынша жұмыс беру­шілер мүгедектігі бар 348 адамды жұмысқа қабылдады.

«Сонымен қатар биыл көру, есту және тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар үшін 71 арнайы жұмыс орнын ашу қарастырылған. Жұ­мыс берушілердің жабдықталуына байла­нысты шығын­дарын субсидиялау көздел­ген. Сондай-ақ Қазақстан Кәсіподақтар федерациясымен бір­лесіп, мүгедектігі бар адамдарды «Халық бақылаушылары» ретін­де тартуды көздейтін әлеуметтік ма­ңызды «Халықтық бақылау» жобасы іске асырылуда. Бүгінгі таңда жобаға 164 кәсіпорын жұмылдырылып, 521 қызметкер жұмысқа орналастырылды. Жоба аясында мүгедектігі бар адамдар бейнебақылау операторлары ретінде жұмысқа қабылдана­ды, олар ауысыммен жұмыс орын­дарын­дағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуын қадағалайды. Жобаға қатысу үшін кадрларды іріктеу кезін­де мүгедектікті (өндірістік жара­қат, кәсіптік ауру, жалпы ауру) белгілеу себебі бойынша кәсіп­­орында жұмысын тастап кеткен қыз­меткерлерге басымдық беріледі», делінген министрлік таратқан мәліметте.

«Халық бақылаушылары» Қазақ­стан Республикасының заң­на­масына сәйкес барлық тиісті шегерімдермен және әлеуметтік пакеттермен қамты­лып, еңбек шарты бойынша штатқа қабылданады.

Жобаны іске асыру мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орын­дарының белгіленген квотасы аясында халықты жұмыспен қам­туға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде ерекше қажеттіліктері бар адамдардың әлеуметтік бейімделуіне ықпал етеді.