Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысына «ҚазМұнайГаз» компаниясының мұнай-газ химиясы саласында жүзеге асырып жатқан жобалары жөнінде ақпарат берілді. Қазіргі уақытта Атырау облысындағы полипропилен шығаратын зауытты іске қосу жұмыстары аяқталып келеді. Бұл өндіріс орны биылғы тамыз айында іске қосылады деп жоспарланып отыр.
Президентке полиэтилен және бутадиен өндірісіне қатысты жобалардың жүзеге асырылу барысы баяндалды.
Мағзұм Мырзағалиев Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары, сондай-ақ Маңғыстау облысында әлеуметтік тұрақтылықты сақтау үшін жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде есеп берді. Оның айтуынша, әлеуметтік-еңбек қатынастарына қатысты мәселелерді шешу, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» компаниясының еншілес ұйымдары қызметінің мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау мақсатымен Ақтауда ұлттық компанияның өкілдігі ашылған. Сонымен қатар Жаңаөзенде балаларға білім беру сапасын арттыру жобасы іске асырылып жатыр, оқушылар сарайы мен спорт алаңдарының құрылысы жүргізілуде.
«ҚазМұнайГаз» басшысы Президентке компанияның шетелдік активтерін дамыту перспективалары жөнінде баяндады.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Мағзұм Мырзағалиевке инвестициялық жобаларды уақытылы іске асыру және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Қарымта кездесуде қауқар көрсете алар ма екен?
Спорт • Кеше
Жұрт көңілін аулаған мектеп жәрмеңкесі
Қоғам • Кеше
Әлем • Кеше
Электронды шылымға шырмалғандар
Қоғам • Кеше
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Түркия-Ресей: Газ мәселесінде келісімге келді
Әлем • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Руханият • Кеше
Руханият • Кеше
Спорт • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Қазақстан • Кеше
Қазақстан • Кеше
«Астана Опера»: Таңғалдыратын дүкендер ашады
Елорда • Кеше
Таным • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
Өскемен тұрғынынан есірткі тәркіленді
Оқиға • Кеше
Рината Сұлтанова Түркияда тағы бір алтын иеленді
Спорт • Кеше
Израиль армиясы Газаны атқылап жатыр
Әлем • Кеше
Ақтаулық бала жағалаудағы шұңқырға құлап кетті
Оқиға • Кеше
Қазақстандық кәсіпқой боксшылардың рейтингісі жаңарды
Кәсіпқой бокс • Кеше
Жалған құжатпен қоғамдық көлікті басқарған жүргізуші ұсталды
Аймақтар • Кеше
Шымкентте 9 жастағы бала тоққа түсіп қалды
Оқиға • Кеше
Кубаның мұнай сақтау қоймасында жойқын жарылыс болды
Оқиға • Кеше
Елордада бес автобустың бағыты өзгерді
Елорда • Кеше
Ыстықкөлде жоғалып кеткен спортшы табылды
Оқиға • Кеше
7 тамызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Кеше
2652 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Медицина • Кеше
Коронавирус жұқтырған 9 пациенттің жағдайы нашар
Коронавирус • Кеше
Павлодарда самокат тепкен баланы көлік қағып кетті
Оқиға • Кеше
Оралда стадионнан адамның денесі табылды
Оқиға • Кеше
Ұқсас жаңалықтар