Әлем • 05 Шілде, 2022

Нидерландыда мектеп оқушысынан маймыл шешегі анықталды

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нидерланды Ұлттық денсаулық сақтау институтының мәліметінше, соңғы бірнеше күнде елде маймыл шешегі ауруының 64 жаңа жағдайы тіркеліп, оның ішінде мектеп жасындағы баладан анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нидерландыда мектеп оқушысынан маймыл шешегі анықталды

Ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, баланың маймыл шешегін қалай жұқтырғаны әлі белгісіз, бірақ Нидерланды ұлттық денсаулық сақтау институты бұл жұқтырған адамның терісімен байланыста (жанасу) болғандықтан деп санайды.

Нидерландыда барлығы 352 маймыл шешегі инфекциясын жұқтырғандар анықталды.

Аяна Тоғанбек