Оқиға 6 шілдеде жергілікті уақытпен сағат 14.30 шамасында болған.
Аудан орталығындағы көппәтерлі, «Қызылорда су торабы» мемлекеттік мекемесіне тиесілі тұрғын үйлердің шатырлары ұшқан.
«Көппәтерлі үйдің шатыры және электр бағанасы сол аумақта орналасқан автотұрақтағы 2 автокөліктің үстіне түскен. Сондай-ақ «Қызылорда су торабына» 211-бекет басында орналасқан тұрғын үй шатырының жартысы жерге құлаған», деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бөлім бастығы Нұрбол Исанов.
Департамент мәліметінше, оқиға орнында қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Жергілікті атқарушы органдар комиссиясы жұмыс істеп жатыр.
Аяна Тоғанбек