Таным • 10 Шілде, 2022

Шерағаның аттестаты

1646 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақ әдебиетінің алып бәйтерегі Шерхан Мұртазаның өмірі мен шығармашылығына қатысты кез келген қызықты дерек оқырманды бейжай қалдырмасы анық. Тіпті Шерағаның мектепті қандай бағамен аяқтағаны да елді елең еткізбей қоймасы сөзсіз.

Шерағаның аттестаты

Сурет Шерхан Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану орталығынан алынды

Шерхан Мұр­тазаның аттеста­тына көз жү­гірт­кенде, кі­лең бес­тік ба­ғаның арасынан бір төрт жә­не үш деген бағаны көз шалды. Әдебиет әле­мінің алдас­паны 1947-1950 жылдары бұрынғы Жам­­был қала­сын­­­дағы Жам­был атындағы мек­­­тепте білім ал­ғаны белгілі. Қайраткер қаламгер­дің аталған білім ордасында алған аттестатынан байқағанымыз, барлық сабақты дерлік «өте жақсы» деген бағаға аяқтапты. Тек геометрия пәнінің мұғалімі үш деген баға қойса, орыс әдебиеті пәнінің мұғалімі Шерхан Мұртазаның білімін төртке бағалапты. Геометрияны үшке тәмамдаған Шерағаның алгебрадан бес алғаны да қызық.

Әлбетте, бақытын білімнен іздеген қаламгерге аттестаттағы үш және төрт деген бағалар Мәскеуде білім алып, алты алаштың мақтанышына айналуына еш кедергі келтірмегені мәлім.

 

Жамбыл облысы