Ресей Федерациясының Якутск қаласында ұйымдастырылған олимпиада математика, физика, химия және информатика пәндері бойынша өтті. Жас ерекшеліктеріне қарай кіші және үлкен лигаға бөлінген олимпиадада Шыңғыс химия пәні бойынша бақ сынады.
«Олимпиадаға Шыңғыс тыңғылықты дайындалды. Түрлі есептерді шығарып, теориялық білімін толықтырды. Ресей, Сингапур, Индонезия, Румыния сынды көптеген алпауыт елдің өрендерімен білім жарыстырған шәкіртіміз алғашқы кезеңде күрделі теориялық есептерді шығарса, келесі практикалық кезеңде алдын ала жасалған эксперименттер бойынша қорытынды жасады. Нәтижесінде, өзгелерден озып шықты», деді жеңімпаздың ғылыми жетекшісі, химия пәнінің мұғалімі Асылбек Оразбеков.
Ұйымдастырушылар биылғы олимпиаданы іштей және қашықтан аралас үлгіде өткізуді жөн көрген. Ресейлік жас дарындардан өзге шетелдік оқушыларға қашықтан қатысуға мүмкіндік берілді. Десе де бұл олимпиада барысын қадағалауды жеңілдеткен жоқ. Өйткені әр қатысушы Прокторинг жүйесі бойынша қатаң бақыланды.
Абай облысы