Тамырынан тектілік дарыған Алан Бөрібаевтың өнердегі әр қадамы әлем назарында. Жыл сайын музыка тіліндегі жарқын жобаларымен тыңдарманын тәнті етіп жүрген дарынды дирижердің «Астана Операның» ІХ театр маусымының жабылуына дайындаған тартуы – «Парижден кәдесый» авторлық бағдарламасы.

Осылайша, «Астана Операның» бас дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, әлемге әйгілі маэстро 14-15 шілде күндері өтетін керемет кешінде театрдың өткен маусым мен алдағы келе жатқан мерейтойлық маусымы арасындағы шығармашылық алтын көпірдің қайталанбас келбетін түзбек.
Бүгінде қазақстандық дирижер әлем бойынша сұранысқа ие музыканттардың бірі. Түрлі елдердің симфониялық оркестрлері онымен жұмыс істеуге асығады. Ол Еуропаның үздік сахналарында спектакльдер қояды. Ал оның әлемдік музыка қоғамында резонанс туғызатын авторлық жобаларын ұлы өнердің барлық табынушысы көруге ұмтылады. Бұл Қазақстан, Италия мен басқа да елдерден мыңнан астам музыкант орындаған Густав Малердің №8 симфониясына да, Карл Дженкинстің SHINE ASTANA салтанатты одасына да қатысты. Елорда өнерсүйер қауымының сүйікті жобаларының тізіміне, сондай-ақ «Италиядан келген хаттар», «Нибелунг жүзігі», «Мольер, Вольтер және Бомарше, немесе Француз комедиясының негізін қалаушылар» және тағы да басқа табысты, бірегей авторлық бағдарламалар көрік беріп келеді. «Парижден кәдесый» концертін де сол тізімнің жемісті жалғасы десек, артық айтқандығымыз емес. Өйткені қазақ өнері үшін Париждің орны да, рөлі де ерек.
Атап айтсақ, Қазақстан мен Францияны, әсіресе Парижді берік шығармашылық көпірлер байланыстырады. Әміре Қашаубаевтың 1925 жылы Париждегі өнер көрсетуін екі елдің мәдени қатынастарының бастауы деп есептеуге болады. Ол біздің өнерімізді еуропалық сахнада таныстырған алғашқы қазақстандық орындаушы атанды. Сонымен қатар Парижде ұлы қазақ ойшылы Абай Құнанбайұлы, Жамбыл Жабаев, Мұхтар Әуезовтің мерейтойлары атап өтіліп, ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде қазақтың ұлы композиторы Ахмет Жұбановтың 100 жылдық мерейтойы да салтанатпен тойланған болатын. Ал 2014 жылы Алан Бөрібаевтің дирижерлігімен Париждегі атақты Champs-Élysées театрында А.Жұбанов пен Л.Хамиди жазған «Абай» операсының француздық премьерасы зор табыспен өтті.
Маэстроның әрбір жобасы бірегей, алайда оның өте ерекше бағдарламаларының барлық әралуандылығын да біріктіруші белгілері бар, ол – ұлы музыкалық мәнер мен тарихи оқиғаның үндестігі. Осынау концерт тыңдарманға бір гала-опера аясында бір уақытта жиырмадан көп танымал, сондай-ақ француз композиторларының өте сирек орындалатын жауһарларымен танысуға мүмкіндік береді. Оларды Алан Бөрібаев «Парижден кәдесый!» галасына ұқыптап жинақтап, екшеп ерекшелендіріпті.
Бас дирижердің ғұмырнамаларды, өмірбаяндарды, сол немесе басқа композиторлар өмір сүрген дәуірдің тарихи деректерін жете зерттейтіні белгілі. Бәлкім, оның концерттерінің жасалу логикасының мінсіз болуы және көрермендер аудиториясы үшін ағартушылық сипат арқалауы осынау терең танымның нәтижесінде шығар. Ол жөнінде дирижердің өзі былай дейді:
– Айтулы жоба – XIX ғасырдың француз романтикалық операсы секілді шоқтығы биік мәдени құбылысты бүкіл кеш бойы қамтуға жасаған шығармашылық талпыныс. Бұл ұғымның кеңдігі сонша, осынау жалпыланған терминнің ішінде ол көптеген бағытқа бөлінеді. Гуноның «Фауст», Бизенің «Кармен» немесе Делибтің «Лакме» секілді үш атақты француз операсын атасақ та, олардың романтизм, реализм және ориентализм секілді түрлі ағымдарды білдіретінін көреміз. Біздің концертімізде ұсынылған барлық композиторды не біріктіреді десек, ол жоғары талғамға, тапқырлыққа, кемелдікке, мәнер көркемдігіне, әуен әсемдігіне, драмалық көріністердің көзтартарлығына, әуенді әрі үйлесімді айналымдардың төл даралығына құштарлық. Мәселен, ұлы Жорж Бизе сөзге екпінді дұрыс түсірмегенде сөз өзі шығарған әуенге «қонып» тұрса, ол әуен үшін екпінді солай қате күйінде қалдыра салады. Бірақ жоғарыда айтып өткенімдей, үйреншікті болмау – француз операсы мәнерінің ең маңызды құраушы тұстарының бірі болып табылады, – деп мазмұнды кешінің алдында маэстро Алан Бөрібаев пікірімен бөлісті.
Керемет концертке тамаша әншілер – Азамат Жылтыркөзов, Салтанат Ахметова, Жаннат Бақтай, Медет Шотабаев, Жәмила Жарқымбаева, Мейір Байнеш, Салтанат Мұратбекова бастаған таланттар тобы «Астана Опера» симфониялық оркестрі мен хорының сүйемелдеуінде өнер көрсетеді. Бас хормейстер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов, концерт режиссері – Еренбақ Тойкенов. Опера өнері өркендеген XIX ғасырдағы Францияның ғажайып атмосферасына бойлауға мүмкіндік беретін «Парижден тосынсый!» жаңа гала-кешін көрерменнің лайықты бағалайтынына еш күмән жоқ.
Байқоңырдан «Протон-М» зымыран тасығышы ұшырылды
Оқиға • Бүгін, 15:55
Алина Дауранова конькимен жүгіруден Әлем кубогінің алтын медалін жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 15:12
Пәкістанның бұрынғы президенті Первез Мушарраф қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 14:20
ТЖМ Алматы және Жамбыл облыстарында су басудың алдын алды
Аймақтар • Бүгін, 13:46
Жедел жәрдем қызметінің жұмысына өзгерістер енгізілді
Медицина • Бүгін, 12:32
Тимофей Скатов Дэвис кубогінде қарсыласын жеңді
Теннис • Бүгін, 11:40
Өткен тәулікте 27 адам коронавирус жұқтырған
Коронавирус • Бүгін, 10:48
5 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 10:11
«Барыс» «ЦСКА» командасымен сырт алаңда матч өткізеді
Хоккей • Бүгін, 09:31
Алматы облысының жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды
Аймақтар • Кеше
Алматы облысында тас жолдың бір бөлігі жабылды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл облысында екі балықшы мұз астына түсіп кетті
Аймақтар • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Риддердегі вокзалда 2 вагон аударылып қалды
Оқиға • Кеше
Петропавл-Алматы бағытындағы пойызда өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Алматыда жаңа автобус бағыты пайда болады
Аймақтар • Кеше
Ақтөбеде 28 жастағы ер адам зейнеткерді тонап кетті
Аймақтар • Кеше
Үкіметте газ саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды
Үкімет • Кеше
Елімізде ұстаздар мерекесінің күні өзгеруі мүмкін
Қоғам • Кеше
Ақмола облысында 10 күнде 510 көлік заңдастырылды
Аймақтар • Кеше
4 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Кеше
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Коронавирус жұқтырған 6 адамның жағдайы ауыр
Коронавирус • Кеше
Субсидиялардың 10-ға жуық кіші түрі жойылады - АШМ
Қазақстан • Кеше
Елордада «Open Day» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
Елорда • 03 Ақпан, 2023
Үндістандағы қар көшкіні кезінде туристер қаза тапты
Әлем • 03 Ақпан, 2023
Қазақстан мен Өзбекстан сауда-саттық көлемін ұлғайтады
Үкімет • 03 Ақпан, 2023
ЕАЭО аумағына бірыңғай валюта енгізіле ме?
Қаржы • 03 Ақпан, 2023
Жетісу облысының сот ғимараттары миналанғаны рас па?
Аймақтар • 03 Ақпан, 2023
Қазақстан мен Словакия экономикалық байланысты кеңейтуге мүдделі
Экономика • 03 Ақпан, 2023
Елордада онкологиядан болатын өлім-жітім көрсеткіші азайды
Медицина • 03 Ақпан, 2023
Астанада «Вaitursynuly.kz» сайтының тұсаукесері өтті
Ахмет Байтұрсынұлы • 03 Ақпан, 2023
Махамбет Әбжан 9 жылға бас бостандығынан айырылды
Оқиға • 03 Ақпан, 2023
Таразда төрт жасар баланы тоқ соқты
Қоғам • 03 Ақпан, 2023
Қазақстан-Чехия дипломатиялық қатынасына арналған дөңгелек үстел өтті
Қазақстан • 03 Ақпан, 2023
Ұқсас жаңалықтар