Аймақтар • 13 Шілде, 2022

Алматыда екі көше уақытша жабылады

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда Достық даңғылы мен Бөгенбай батыр көшелері жөндеу жұмыстарына байланысты бір күнге жабылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда екі көше уақытша жабылады

«15 шілде кешкі сағат 22:00-ден 16 шілде таңғы сағат 06: 00-ге дейін Достық даңғылы мен Төле би көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы шектеледі. Сонымен қатар 16 шілде сағат 22: 00-ден 17 шілде таңғы сағат 06:00-ге дейін Бөгенбай батыр және Пушкин көшелерінің қиылысы жабылады», делінген «Алматы жылу желілері» ЖШС хабарламасында.

Айта кетейік, уақытша шектеулер мұндағы көлік жүретін жолдың астындағы магистральдық жылу жүйелерін жоспарлы жөндеуге байланысты енгізіліп жатыр. Компания келтірілген қолайсыздық үшін алматылықтардан кешірім сұрайды.

Сонымен қатар жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес береді.



Соңғы жаңалықтар

Өнеркәсіп қуатын арттыру міндеті

Экономика • Бүгін, 09:45

Серіктестік құқы қорғалды

Инвестиция • Бүгін, 09:18

Көмірдің жылдағы жыры

Мәселе • Бүгін, 09:10

Халық тілегі қалыс қалмайды

Аймақтар • Бүгін, 08:57

Тұмаудан амансыз ба?

Денсаулық • Бүгін, 08:52

Алаяқтарға қарсы күрес күшейді

Аймақтар • Бүгін, 08:48

Мал ұрлығы мазаны алып тұр

Қылмыс • Бүгін, 08:45

«Cyberpol»-ға жұмыс көп

Құқық • Бүгін, 08:43