Тағайындау • 17 Шілде, 2022

Алматының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы ауысты

355 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда конкурстық комиссияның шешімімен Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы ауысты

Қала әкімдігінен хабарлағандай, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып Иран Шаметеков келді.

Иран Шаметеков 2000 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген. 2000-2001 жылдары Батыс Қазақстан медицина академиясында «Хирургия» мамандығымен интернатурадан өтті. 2006 жылы Д.А. Қонаев университетін «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтады. Философия және қоғамдық денсаулық сақтау докторы ғылыми атағы бар.

Әр жылдары Қызылорда облысының Денсаулық сақтау басқармасының бастығы, Нұр-Сұлтан қаласы Денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары болып еңбек етті. Жамбыл облысы бойынша комитет департаментін басқарды. Соңғы еңбек еткен орны – елордадағы №3 көпбейінді балалар ауруханасында бас дәрігер.

 

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20