Семейде жергілікті «атқамінерлер» ондаған жыл бойы шеше алмаған түйткілді мәселені күрестен балалар жаттықтырушысы нүктесін қоюға жақын. Атап айтқанда, грек-рим күресінің бапкері Ержан Амарханов өз қаражатына шомылуға арналған жағажайды салып жатыр.

Бала өліміне бейжай қарай алмады
Мұндай қадам жасауға спорт маманын жыл сайын қайталанатын өзен-көлдердегі адам өлімі мәжбүрледі. Айталық, қалалық төтенше жағдайлар басқармасының мәліметі бойынша былтыр Семей өңірінде 11 адам суға батып, қаза тапқан. Оның үшеуі балалар. Міне, осындай қайғылы жағдайларды ескерген грек-рим күресінің жаттықтырушысы «мүлдем төзбеушілік» қағидатына сәйкес алдын алу шараларына кіріседі. Қордаланған мәселені шешудің амалы ретінде адам өміріне қауіпсіз жағажай салу туралы шешімді қабылдайды.
«Былтыр Уфа қаласында әлем чемпионатында жүрген кезімде әлеуметтік желіден Семейде баланың суға батып кеткені туралы хабарды оқып қалдым. Ол менің қызымның сыныптасы еді. Бұл жағдай жүрегіме қатты батты. Содан өзен-көлдердегі өлім-жітім көрсеткішіне байланысты ресми статистиканы ашып қарасам, Семей өңірінің бірінші орында тұрғанын байқадым».
Байыппен емес, хайппен қарағандар болды
«Әлем чемпионатынан оралған бойда есейіп, ержеткен оқушыларымды жинап, жағажай салу туралы шешім қабылдағанымды айттым. Барлығы мұны қуана қабылдап, қолдайтынын жеткізді. Әлбетте, бұл оңай шаруа емес. Жасыратыны жоқ, мұны естіген адамдардың кейбірі мәселенің байыбына бармай «бұл коммерциялық жоба, жағажай ақылы болатын шығар», деп түрлі қанқу сөздерді тарата бастады. Бірден айтайын, бұл ақысыз, тегін жағажай болады. Ең бастысы, біздің көздегеніміз – өскелең ұрпақтың қауіпсіздігі», деді Е.Амарханов.
Бастамашыл азамат құрылыс жұмыстарына кіріспес бұрын Төтенше жағдайлар министрінің атына хат жазып, техника жағынан қамтамасыз ету жөнінде көмек сұрапты. Қуантарлығы, құзырлы орган бұл өтінішті жауапсыз қалдырмаған. Қазір жағажай құрылысына бөлінген аумақта жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері арнайы техникамен өзеннің түбін тегістеп, құм, тас және басқа да материалдарды әкелуге жәрдемдесіп келеді.
Министрлік қолдау көрсетті
«Төтенше жағдай министріне барынша қолдау көрсетіп келе жатқанына ризашылығымды жеткізгім келеді. Министрлік өтінішімізді жерге қалдырған жоқ. Қазір ресми құжаттар реттеліп жатыр. Құжаттар дайын болған соң оны қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасына тапсырамыз. Олар осы жерді күтіп ұстау үшін аталған аумақты бізге жалға береді. Қазірдің өзінде жағажайдың қашан дайын болатыны туралы сұрап жатқан адам көп. Биыл жағажайдың бір жағы пайдалануға беріледі. Игеріліп жатқан жердің тұтастай аумағы – 2,5 гектар. Бұл аумақты таңдаудағы себебіміз, мұнда қатты ағын жоқ, өзен суы мөлдір, таза. Сәтін салса, келешекте осы жерден серуенге арналған кемелермен (теплоход) саяхаттайтындай жағдай қарастырылады», деді бапкер.
Қоғамдық кеңістік тиімді ұйымдастыруды көздейді
Е.Амарханов айтқандай, алдағы уақытта бұл аумақта төтенше жағдайлар қызметкерлері мен медицина мамандары қауіпсіздікті бақылайтын болады. Бұған тиісті орынды қажетті заттармен жарақтау көзделген. Сол секілді қалалық әкімдікке арнайы бақылау камераларымен қамтамасыз ету туралы өтініш те жазылыпты. Қалалық ішкі істер басқармасына да жағажайдағы сақтық шараларын күшейту үшін ұсыныс айту жоспарланған. Бұдан бөлек, бұқаралық спортты дамытып, қоғамдық кеңістіктерді тиімді пайдалану мақсатында аталған аумақта волейбол, футбол сынды ойын алаңдарын салу қарастырылып отыр.
Жоғарыда айтылғандай, бұл жобаны іскеру асыру оңай болмай тұр. Неге десеңіз, құрылыс жұмыстарына жұмылдырылған техниканы қажетті жанармаймен қамтамасыз ету үшін күніне кем дегенде 150 мыңдай теңге жұмсалады. Ал осы жағажайдың құрылысына спорт жаттықтырушысы жеке көлігін сатып, несие алған. Сол себепті жағармаймен қамтамасыз етуге жәрдемдесетін жандар табылса, бұған қуана келісетіндерін айтады.
Балаларды күрестің әліппесіне баулып жүрген Ержанның мұндай бастаманың көтеруі тегін емес. Бұдан үш жыл бұрын ол Семей-Новосібір бағытындағы отқа оранған автобустан 50-дей адамды құтқарып қалған болатын. Сонымен қоса пандемия өршіген кезде семейлік бапкер көршілес мемлекеттен дәрі-дәрмек тасып, емге қажетті аппараттарды әкелуге қолұшын созған еді. Осындай игілікті істер үшін 2019 жылы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы атанғаны да содан.
Жалғыз жағажай жабылды
Жуырда Семейге қарасты Озерка ауылының маңындағы жағажайдың жабылғаны туралы ақпарат тарады. Бұл шомылуға рұқсат етілген жалғыз орын саналатын. Оның өзінде аталған аумаққа адамдар ақша төлеп кіретін. Себебі ол демалыс базасының аумағында орналасқан. Ал қалалық тұрғын үй-коммуналдық басқармасының инфрақұрылымы қарастырылған жағажайды салып береміз дегеніне он жылға созылып кетті. Биыл тағы да уәдені төгуден жалықпай «шомылуға арналған орынды ашамыз», деп сендіруге тырысып бақты. Белгілі болғандай, бұған бұрынғы жылжымалы көпірдің маңы таңдалса керек. Бұл үшін маусымның соңында мемлекеттік сатып алу конкурсы жариялануға тиіс еді. Алайда семейліктердің бұған шыдамы таусылып, жергілікті энтузиастардың бастамаларына қолдау көрсетуден басқа амалдары қалмады.
P.S. Осы мақаланың жазылуына себепкер болған азамат айтқандай, ол қолдағы бар қаражатын заманауи әрі қауіпсіз жағажайды салуға жұмсаған. Ол бүгінге дейін ешкімге барып қол жайған емес және бұлай істеуге ары жібермейді. Мұндайда Ержан сынды әлеуметтің алдында жауапкершілікті сезетін азаматқа кәсіпкерлер тарапынан қолдау болса екен дейсің.
Абай облысы
Риддер тұрғыны 2 жасар баласын балконнан құлатып алды
Аймақтар • Кеше
Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Әскери қызметші қарт кісіні өрттен құтқарып қалды
Қоғам • Кеше
Қазақстан мен Мажарстан екіжақты ынтымақтастықты нығайтады
Экономика • Кеше
Ақтөбеде қарда жүретін көлік бір топ адамды қағып кетті
Аймақтар • Кеше
5375 адам шетелден әкелінген көлігін сәтті заңдастырды
Қазақстан • Кеше
Атырау облысында жол апатынан жолаушы қайтыс болды
Аймақтар • Кеше
Өзбекстан азаматынан психотроптық заттар тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Су тасқынына дайындық жөніндегі үкіметтік комиссия құрылды
Қазақстан • Кеше
Елімізде ет консервілерінің өндірісі артты
Экономика • Кеше
Таразда 19 жастағы қыз биік ғимараттан секіріп кетті
Аймақтар • Кеше
Қазақстан-Қытай шекарасында электронды кезек енгізілді
Қазақстан • Кеше
Павлодарда автобус пен екі автокөлік соқтығысты
Аймақтар • Кеше
Елордада газель автокөлігі жанып кетті
Елорда • Кеше
Елена Рыбакина Арина Соболенкомен кездеседі
Спорт • Кеше
Астаналық тұрғын ХҚКО-ның бірінен телефон ұрлады
Елорда • Кеше
Коронавирус жұқтырған 6 адамның жағдайы ауыр
Коронавирус • Кеше
Орман шаруашылығы комитетінің лауазымды тұлғалары ұсталды
ANTIKOR • Кеше
ШҚО-да алып бала дүниеге келді
Аймақтар • 27 Қаңтар, 2023
«Барыс» клубы «Тракторды» жеңіп, плей-оффқа өтті
Теннис • 27 Қаңтар, 2023
Бокстан АЧ: Әскер боксшылары «алтын» және «қола» жүлде алды
Бокс • 27 Қаңтар, 2023
Сенатта мүгедектігі бар адамдардың ақпаратқа қол жеткізу мәселелері талқыланды
Қоғам • 27 Қаңтар, 2023
Жеті өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • 27 Қаңтар, 2023
Альбина Кәкенова Аустралиядағы турнирдің финалисі атанды
Теннис • 27 Қаңтар, 2023
Алматыда жасөспірім қыз жол апатынан қаза тапты
Оқиға • 27 Қаңтар, 2023
СҚО-да «Аңсаған сәби» бағдарламасына 190 квота бөлінді
Қоғам • 27 Қаңтар, 2023
«ҚазМұнайГаз» шетелдік активтерінің тиімділігін арттырады
Қоғам • 27 Қаңтар, 2023
Ұқсас жаңалықтар