Қоғам • 18 Шілде, 2022

ШҚО-да суға батып бара жатқан кемеден 24 адам құтқарылды

273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасында 24 адам мінген кеме суға батты, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО-да суға батып бара жатқан кемеден 24 адам құтқарылды

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, оқиға 17 шілдеде сағат 19:00 шамасында Ұлан ауданындағы Бұқтырма су қоймасының бойындағы «Аюда» демалыс базасынан үш шақырым жерде орын алған.

Өңірдегі қатты желдің салдарынан жолаушыларды тасымалдауға арналған кеме суға бата бастаған. Кеме «Садко» демалыс базасынан «Аюда» базасына қарай бет алып келе жатқан.

«Кеме бортында 24 адам, оның ішінде 21 жолаушы мен 3 экипаж мүшесі болған. Жел жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жетті», делінген хабарламада.

Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында 21 жолаушы, оның ішінде 9 бала аман-есен «Аюда» базасына жеткізілген. 

Оқиғадан зардап шеккен адам жоқ.