Қоғам • 19 Шілде, 2022

Елімізде 925 мың қорап заңсыз темекі өнімі анықталды

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құны 527,3 млн. теңге құрайтын контрабандалық темекі өнімін Алматы облысының салықшылары анықтаған. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде 925 мың қорап заңсыз темекі өнімі анықталды

«Қаскелең қаласы, Алматы-Бішкек трассасының 29 шақырымында орналасқан «Кристалл» қонақ үй-тұрақ кешенінің аумағында 925 мың қорап заңсыз темекі (18,5 млн. темекі тарту бірлігі) өнімі анықталды. Акциздік маркасы жоқ контрабандалық темекі өнімі тексеру жүргізу барысында Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің және Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп анықталды», делінген комитет хабарламасында.

Тексеру нәтижелері бойынша барлық материалдар ҚР Қылмыстық кодексінің 233-бабы бойынша бұзушылық белгілерімен Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне берілді.

Төленбеген акциз шығын сомасы 227,6 млн. теңгені құрайды, темекінің жалпы құны 527,3 млн. теңгені құрады.

«Қылмыстық кодекстің 233-бабының 1-бөлігіне сәйкес айтарлықтай залал келтiруге әкеп соққан, акцизделетiн тауарларды сәйкестендіру құралдарымен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртiбi мен қағидаларын бұзу – мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады», делінген Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінде.