Елорда • 20 Шілде, 2022

Елорда «сары» аймаққа жақындап келеді

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Сархат Бейсенова елордадағы эпидемиолоиялық жағдай «сары аймаққа» жақындап қалғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елорда «сары» аймаққа жақындап келеді

«Елордада жалғасып жатқан SARS-CoV-2 вирусының «омикрон» штамының айналымына байланысты қаладағы эпидемиологиялық ахуал нашарлап, күрделі күйде қалып отыр. Егер 22 маусым мен 5 шілде аралығындағы екі апта ішінде 414 жағдай тіркелсе, 6 шілде мен 19 шілде аралығындағы екі аптаның ішінде коронавирус инфекциясымен науқастанудың 3970 жағдайы тіркелді», деді департамент басшысы.

Оның айтуынша, кейінгі екі аптада қаладағы сырқаттану деңгейі 9,5 есе артқан.

«Тәулігіне жаңа жағдайлардың санын тіркеу 586 жағдайға жетті. Эпидемиологиялық жағдайды бағалаудың жаңа матрицасы бойынша, елордамыз «сары» аймаққа жақындап келеді», деді Сархат Бейсенова.

Соңғы жаңалықтар

Табиғат сынағына тосқауыл

Аймақтар • Бүгін, 09:00

Келелі кеңес келешегі

Пікір • Бүгін, 08:58

Сот төрелігіне сенім артып келеді

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:55

Астықтан – азыққа дейін...

Өндіріс • Бүгін, 08:40

Алғыс арқалаған әкім

Қоғам • Бүгін, 08:38

Интернатта оқып жүр...

Білім • Бүгін, 08:28

Жамбыл бабадан бата алған

Зерде • Бүгін, 08:25