АСТАНА. 1 мамыр. 2030 жылға қарай Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің жалпы ішкі өнімі 900 млрд. долларды құрайды. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде жүргізген дәрісі барысында Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Нұрсұлтан Назарбаев еуразиялық интеграцияның көптеген пайдасы бар екенін айта келе: «Еуразиялық идея ХХІ ғасырдың екінші онжылдығының ортасына қарай нақты саяси, экономикалық геосаяси маңызға ие бола бастады. Жоғарғы еуразиялық кеңес, Еуразиялық экономикалық комиссия көңілге қонымды жұмыс істеп келеді. Қазақстан, Беларусь, Ресей үштігі бірыңғай Кедендік кодексті пайдалана отырып, макроэкономикалық саясатын үйлестіруде. Еуразиялық экономикалық одақ идеясының туындағанына 20 жыл толуы қарсаңында аталған интеграциялық бірлестікті құру туралы тариха келісімге Астанада қол қойылуы үлкен маңызға ие», – деді.
Қазіргі таңда осы құрылғалы отырған Одаққа көптеген мемлекеттердің қызығушылық танытып отырғанын алға тартқан Нұрсұлтан Назарбаев: «Еуразиялық ықпалдастықтың экономикалық әлеуеті мықты деп есептейміз. Үш ел экономикасының жиынтығы 0,2 триллион долларды құрайды. Өнеркәсіптік өнім өндірісінің жиынтық көрсеткіші 1,5 триллион АҚШ долларын құрады. 2030 жылға қарай осы ықпалдастықтың тиімді сипаты ретінде жалпы ішкі өнімнің жиынтық өсімі 900 миллиард долларды құрауы мүмкін. Бұл көрсеткіштерді мамандар есептеп шыққан. Осылайша, еуразиялық өзара ықпалдастық оның барлық қатысушылары үшін қолайлы стратегиялық мүмкіндік беріп отыр», – деді.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: egemen.kz.
Фото: «24kz».
• 01 Мамыр, 2014
2030 жылға дейін «үштіктің» жалпы ішкі өнімі 900 млрд. долларды құрауы мүмкін

Төрт бірдей теннисшіміз әлемдік рейтингтің ТОП-10 тізіміне енді
Теннис • Бүгін, 10:50
Көктемгі егін егу және жинау жұмыстарына қанша қаржы бөлінеді?
Шаруашылық • Бүгін, 10:49
АҚШ-тың келесі президенті кім болуы мүмкін?
Әлем • Бүгін, 10:33
152 млн теңге залал: Көкшетауда қазынаға қол салған кәсіпкерлердің мүлкі мемлекетке қайтарылды
Жемқорлық • Бүгін, 10:28
Жоғарғы сот шешімі: Трамп енгізген импорттық тарифтер заңсыз деп танылды
Әлем • Бүгін, 10:10
Теміржол өткелінде электровоз бен жеңіл автокөлік соқтығыса жаздады
Оқиға • Бүгін, 10:03
Газ саласын цифрландыру: QazaqGaz Aimaq қосымшасы қалай жұмыс істейді?
Жасанды интеллект • Бүгін, 09:54
Жанар-жағармай импорты салықтан босатыла ма?
Қоғам • Бүгін, 09:48
Бүгін елімізде қай жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 09:40
Рамазан айында пойыздарда алкоголь өнімдері сатылмайды
Қоғам • Бүгін, 09:34
Үкімет Каспийді зерттеуге 1,1 млрд теңге бөлді
Экология • Бүгін, 09:20
Валюта бағамы: Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:10
Құрылыс саласын цифрландыру: Өзекті істің аяқ алысы қалай?
Құрылыс • Бүгін, 09:00
«Біз үшін су дипломатиясы маңызды»
Сұхбат • Бүгін, 08:55
Аймақтар • Бүгін, 08:50