Аймақтар • 25 Шілде, 2022

ШҚО-да жоғалған бала табылды

472 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында жоғалған 3 жасар бала аман-есен табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО-да жоғалған бала табылды

23 шілде күні кешкі сағат жетілер шамасында әдеттегідей аулаға шыққан үш жасар Әділхан жоғалып кеткен. Әкесі түнгі сағат он бірлерде полицияға арызданып, іздеу жұмыстары басталған. Оқиға Ұлан ауданы, Таврия ауылында болған.   

Әуелде өздері маңайдан іздеп көрген. Нәтиже болмаған соң баланың әкесі полицияға хабарлаған.

с

Құзырлы органдарға хабар түсе сала полицейлер, Ұлттық ұланның әскери қызметкерлері, атты полиция, ТЖД қызметкерлері, еріктілер жұмылдырылды. Ұзын саны 621 адам үш жасар баланы іздеуге шықты. Мамандар ауыл аумағын 16 секторға бөліп, өздерінің әдіс-тәсілдерімен іздеді. Аспанға квадрокоптерлер көтеріп көрді. Айналаны тікұшақпен де тінтіп шықты. Түк шықпады. Баланың кескін-келбетін суреттеп, жан-жаққа хабарландырулар таратылды. Тек, келесі күні ғана іздестіру жұмыстарының нәтижесінде криминалдық полиция қызметкері Айдар Дүйсенбаев 3 жасар Әділхан Сейсембайды тұрғылықты жерінен 3 шақырым жерден тапқан. Бала дін-аман. Ата-анасы көмек көрсеткен барлық азаматтарға алғыстарын жаудырды.