Қоғам • 25 Шілде, 2022

Бензин қоры таусылды

273 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Абай облысында бензин қоры 16 күнге ғана жеткілікті. Осыған байланысты жергілікті билік мұнай өңдеу зауытынан жанар-жағармайды тасымалдауды қолға алды.

Бензин қоры таусылды

21 шілдедегі жағдайға сәйкес Абай облысындағы бензин қоры келесідей. Айталық, АИ-92 бензині мұнай базаларында 7,16 мың тонна және 5,6 мың тоннасы жолда келе жатыр (жолды есепке алғанда 16 күнге жеткілікті). АИ-95 бензині 0,77 мың тонна және жолдағысы 1,82 мың тонна (жолды есепке алғанда 16 күнге жеткілікті). Дизель отыны 15,08 мың тонна және жолда келе жатқаны 1,91 мың тонна (жолды есепке алғанда 16 күнге жеткілікті).

Қа­зір мұнай өңдеу зауытынан АИ-92 мен АИ-95 бензинін өңір­лерге қарай жөнелту жұ­мыс­та­ры күшейтілді.

Алакөлдегі жағдайға тоқтал­сақ, Қабанбай ауылындағы екі же­­­ке­­меншік жағармай құю стан­­­­сасына Petro retail ЖШС (QazaqOil ЖҚС желісі) 60 тон­на­­­дай сұйық отынды бөліп берді. Ақсуат ауданындағы 4 же­ке­меншік ЖҚС-да қажетті жа­ғармай көлемі берілді.

Аягөзге «ҚазМұнайГаз» «Петро­Казахстан Ойл Про­дактс» кәсіпорнынан 625 тонна бензинді жеткізу жос­пар­ланып отыр. Сондай-ақ Petro retail ЖШС жедел тәртіпте Ақ­суат ауданының 4 ЖҚС-на жағармайды сата бастады. Осы­ған дейін аталған 4 ЖҚС сұйық отынды «Парнас» ЖШС-нан сатып алып келген. Алайда бұл компаниямен байланысқа шы­ғу қиындағандықтан жағар­май стансаларын энергия тасы­ғыш­­тар­мен қамтуға байланысты проб­лемалар туындаса керек.

Осындай жағдайларға тап болмас үшін аталған жағармай стансаларының иелеріне биржада тіркеліп, сұйық отынның сау­да­сына қатысуға кеңес берілді. Бұл өз кезегінде қажетті ресурс­ты тікелей өндірушілерден алу­ға жол ашады. Аталған мәсе­лені өңір басшысы Нұрлан Ұран­хаев­ тікелей бақылауында ұстап отыр­­ғанын жеткізді.

 

Абай облысы